Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Баян Есентаева көзінің кемістігін сынайтындарға жауап қатты (фото)

«Қазір менің жүйкемді ауыртатын нәрсе жоқ, тіпті әлі қалпына келмей жатқан көзіме де алаңдамаймын. Өйткені оның бәрі ұсақ-түйек нәрселер ғой. Тура қазір және осы уақытта бақытты болуымыз керек, себебі бізге басқа өмір берілмеген, жалпы мен өзімді бар қалпымда жақсы көремін», – деп жазды Баян Есентаева Іnstagramm-дағы жеке парақшасында.

Сондай-ақ ол қазіргі көңіл-күйі өзгергенде не істейтінін де айтыпты.

«Қатты арықтап кеткенімді ерінбеген адамның барлығы есіме салған шығар. Ол үшін Сіздерге көп-көп рақмет, өзім оны сезбей жүр едім. Шынымды айтсам, қазіргі 47 келі салмағым қатты ұнап жүр, әзірге салмақ қосар ойым жоқ.

Неге үнемі оң жақ қырыңмен суретке түсе бересің десеңіздер, жауап берейін: Қазір уақытта сол жағымнан гөрі, оң жағым өзіме көбірек ұнайды, өйткені көңіл-күйім сондай. Көңіл-күйім өзгере салысымен, тікесінен суретке түсемін, оның басқа ешқандай себебі жоқ», – деп жазады Есентаева.

Еске сала кетелік, соңғы бір сұхбатында Баян Есентаева қазіргі түріне көңілі толмайтынын, енді өзін сұлу деп санамайтынын айтқан еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз