Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Баян Есенатева өз кінәсін мойындады

Осыдан бірнеше жыл бұрын «Екі жұлдыз» жобасында жоба продюсері Динара Адам мен оның жүргізушісі Баян Есентаева сөзге келісіп, дауласып қалады. Екеуі де бірінің айтқанына бірі бағынғысы келмей, мінез танытып, шалт кетеді. Осылайша ат жібін үзіскен құрбылар 4 жыл бойына ләм-мим демескен.

Тек жақын жаны жабыққан Баян Есентаева құрбысын іздей бастайды. Сөйтіп ол қателігін мойындап, оның алдына барған. Осылайша қос продюсердің ара-қатынасы қайтадан жақсарған. Бүгіндері Баян Есентаева көңілі түсіп, күйгелектенсе ең бірінші болып Динара Адамға хабарласып, көңіліндегісін жайып салады екен.

«Көңіл хошым болмаса Динараға хабарласамын. Күні кеше ғана түнгі сағат 2-де оған қоңырау шалдым. Ол бірден «кел» деді. Екеуміз кездесіп, шерімізді тарқатып, бір жылап алдық. Мен одан кейін жеңілдеп, мүлдем басқа адам болып шықтым. Өмірде кейбір нәрселерді тек бір адамға ғана айта алатын кез болады. Мен десе ішкен асын жерге қойып, жаным ауырса кез келген уақытта медеу болуға оның әзір екенін жақсы білемін. Керек кезде қаяу түскен көңілімді жадыратты, маған керекті ақылын айтып, мықты сүйеу болады. Жалпы, Динара маған ұрсып, айқайлай алу құқығына ие жалғыз адам», – деді Баян Есентаева.

Өз сөзінде Динара Адам Баянның батылдығын атап өтті.

«Екеуміз ренжісіп қалдық. 4 жыл бойы оның жоқтығы қатты білінді. Кейін ол да дәл осындай күй кешкенін айтып берді. Екеуміз де ақымақпыз. Бірінші қадамды Баян жасады, менің батылым жетпеді», – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз