Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
-3
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Баян Алагөзова: «Баба» және «қатын» деген сөздер менің жыныма тиеді»

1252
Сурет әлеуметтік желіден алынды

Алагузова өзінің қаншада екенін ешқашан жасырған емес, ол қырық алтыда. 20 жасынан бастап бетім мен денеме күтім жасай бастадым, сондықтан қазір жас әрі әдемі көрінемін дейді.

«БАБА және ҚАТЫН деген сөздер менің жыныма тиеді. Мен оларды ешқашан өзіме де, басқаларға да қатысты қолданбаймын. Олар әйел адамдарды қорлайды деп есептеймін. Баба деген жасынан бұрын қартайып кеткен, өзінің әйел екенін ұмытқан адам.

Маған барлығы тарту, керу, ине салу, шаншу секілді бетке арналған күрделі процедураларды қоланып жасарасыз деп жиі жазады.

Біздің қоғамда 40 жастан асқан әйел сұлулығын сақтай алмайды деген қорқынышты және түсініксіз стероетиптер қалыптасқан. Қымбатты әйелдер қауымы, сіздерге жай ғана жауап берейін: мен бетіме ине салдырып, кесіп, тіпті тарқан емеспін (мүмкін, 10 жылдан кейін бұндай әдістерді қолданатын да шығармын).

Мен өзіме бұрыннан бері, 20 жасымнан күтім жасаймын. Косметологтарға жиі барамын, өсек айтпаймын, бұл әлемді жақсы көремін, көрінген нәрсені жемеймін, біреудің өмірін талқыламаймын. Бұл кез келген жаста керемет сұлу көрінудің құпиясы.  Мен ешқашан өзімнің қаншада екенімді жасырған емеспін, мен 46-дамын″, — деп жазды Баян.

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Естеріңізге сала кетейік, жақында Алагөзова жүкті деген қауесет тарап кеткен еді,  бірақ әзірге ақпарат расталған жоқ. Баян  жеке өміріне қатысты мұндай жаңалықты оқырмандарына жариялауға асығар емес. Бірақ ана болуға дайын екенін бір-екі рет айтқан да еді.

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз