Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Бауыздап тастаған…”. Қостанайдағы трагедияға қатысты жантүршігерлік деректер шықты (фото)

389

https://kaz.365info.kz/khostanajda-universitettin-kafedra-mengerushisi-kyjeuinin-kholynan-khaza-tapty-320731

Сол күні күн қапырық болған. Соған қарамай Ольганың жұбайының әйелінің жұмыс орнына қалың күртешеде келген. Сөйтсе күртешенің ішіне пышағын жасырыпты. 

“Сұмдық. Қайғыдан қан жұтып отырмыз…Қалай ғана қолы барды, жауыздың? Адамды бауыздау деген…Айтуға ауыз бармайды. Айтайын, амалым жоқ. Бауыздап тастаған. Суық қаруды бірнеше жерден сұққан. Дәл қазір қолымда медициналық түйіндеме тұр. Солай деп жазыпты.

Пышақты тереңге сұққаны сондай, ұйқы, мойындырық күретамырына дейін жеткен. 

 Жауыздың жүрегі бар ма, жоқ па? Көзі қанталап пышақты аяусыз сілтегені сондай бауыздағаны өз алдына, басын кесіп ала жаздаған…”, – қаза болған келіншектің анасы. 

https://kaz.365info.kz/shyn-maninde-eki-ajelim-bar-tokhtar-serikov-shydamaj-shyndykhty-ajtty-320759

Галина Исенованың айтуынша, екі жас Алматыда танысқан екен. 13 жыл бір шаңырақ астында тұрған. Осы уақытқа дейін Ольга күйеуінің шатақ мінезіне, қызғаншақ қылығына шыдап келіпті. 

Отбасының, бала-шағасының берекесін қашырған күйеуі әйелінің басқан ізін аңдумен болыпты. Жақсы табыс табатын жұбайының ақшасын, көлігін күшпен тартып алады екен. Ольга төзіп жүре берген…

https://kaz.365info.kz/tarazda-tiridej-zhanyp-kete-zhazdagan-yldyn-anasy-symdykh-okhiganyn-betin-ashty-320762

“Ақыры, шыдамады. Сабыры сарқылды. Ажырасатынын айтты. Үй жалдап, балаларын алып күйеуінен бөлек кетті. Әлгі жауыз екеуіне ортақ үйді босатып беруді де ойлаған жоқ. Әйелінен, балаларынан қызғанды баспананы. Қызым ажырасуға қажетті қағаз-құжатты жинастырып, осыншама уақыт төзіп келген күйеуінен құтыларына қуанып жүрген. Арманы көп еді. Мақсаты көп еді. Барлығы бір күнде үзілді…” дейді көз жасын көл қылған марқұмның анасы. 

Бұл осыдан екі күні бұрынғы жағдай. Тапа-тал түсте Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің ғимаратына кіріп келген еркек жұмыс орнында бейқам отырған әйелін бауыздап тастайды. Артынша өзі сегізінші қабаттан секіріп кетеді. 

Ал күзетшілер аракідік көріп жүретін Ольганың күйеуінен күдіктенбеген. Күртешесін тексеруді де қажет деп таппаған. 

Әзір тергеу амалдары жүріп жатыр. 

https://kaz.365info.kz/ah-uh-zhelide-zhynystykh-khatynaskha-tysken-khyzdar-koptin-ashuyna-tidi-video-18-320716

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз