Дін істері және Азаматтық қоғам министрлігінің бұрыңғы лауазымды қызметкері бұған дейін Астана соттарының әділдігіне сенбеймін деп шағымданған, – деп хабарлайды КТК арнасы.
Бірақ, Мусин мен адвокатының мұндай арызын сот қанағаттандырмай тастады. Сөйтіп келесі процес соттың бұрыңғы құрамында жалғаса бермек. Айта кетейік, Азаматтық қоғам комитетінің экс-орынбасары 6 ай бұрын 400 мың теңге пара алып жатқан жерінен ұсталған. Мәліметтерге қарағанда бұл – ауызбастырықтың тек бір бөлігі ғана. Жалпы сома – бір жарым миллион теңге. Бауыржан Мусин осы қомақты қаржыға тендерді таныс кәсіпкерге алып беруге уәде еткен. Айыпталушы орындығында сол бизнесмен де отыр.