Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Бауыржан Байбек жастарды үймен қамту үшін 2 млрд теңге бөлінетінін айтты

Алматы қаласы тұрғындарының орташа жасы – 33,5. Әкім бүгінде аталған қала тұрғындарының тең жартысының 35 жасқа дейінгі азаматтар екенін атап өтті. Қалада 200 мыңға жуық студент білім алып жатыр. Олардың 70 проценті осы қалада тұрақтап қалады. Мұның артықшылықтары мен кемшіліктері де бар. Мысалы, Алматы қаласында жастардың 6,5 процент жұмыспен қамтылмаған. Бұл – Қазақстан қалалары ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш.

«Өткен жылы жас отбасылар 5 процент үстемақымен несие алу мүмкіндігіне ие болды.

Мұнымен қатар, олар алғашқы жарнасыз үй ала алады.

6 мыңға жуық өтінім келіп түсті. Балдық жүйе бойынша осы өтінімдердің 100-і мақұлданды. Бала саны, жұмыс өтілі ескерілді. Жоғары сұраныс болып отырғанын ескеріп, осы жылы бағдарлама аясын кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Бұл мақсаттарға бюджеттен 2 млрд теңге бөлінеді», – дейді Байбек.

Мұнымен қатар, әкім қаладағы көптеген жатақхананың жөндеу жұмыстарынан өтіп жатқанын атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз