Тізгінге ие бола алмаған жүргізуші қарсы бағытқа шығып кеткен. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Оқиға Ақжайық ауданына қарасты Алмалы ауылының тұсында болған. Жолдың қарсы бағытына шығып кеткен Ауди көлігі осы Мерседеске келіп соғыпты. Ол қатты соққыдан жол жиегіндегі аялдамаға барып соққан. Ішіндегі 25 жастағы бойжеткен сол жерде жан тапсырды. Ал, Атырауға кетіп бара жатқан Аудидің ішінде жүргізушіден өзге адам болмапты.