29 наурыз күні соққан қатты жел Қазталов ауданында тұрғын үй мен мектептің шатырын жұлып әкетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Аудан орталығы Қазталов ауылындағы Ш.Шарафутдинов көшесі №9 мекенжайындағы жеке кәсіпкер Сәуле Омарованың үйінің (дәріханасы бірге орналасқан) шатырын қатты жел төңкеріп тастады. Төрт пәтерлік үй болып есептелетін бұл ғимаратта осыдан екі жыл бұрын тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндеу жұмысы жүргізілген екен.Үй иесінің айтуынша, оған 4 млн. астам теңге жұмсалыпты.
1982 салынған ғимараттың бұдан бұрын да 2015 және 2016 жылдары шатырын жел жұлып әкеткен екен. Оқиға биыл да қайталанып отыр. Осыған орай аудан орталығынан ТЖ мамандары келіп, тексеру жұмыстарын жүргізді.
Абырой болғанда, екі оқиға кезінде де зардап шеккендер жоқ. Мектеп оқушылары бұл күндері демалыста.
Айта кетейік, 28 наурыз күні БҚО ТЖ департаменті өңірде 29 наурызда күн жауын-шашынды болып, бұрқасын соғып, желдің күшейетіні жөнінде ескерту жариялаған еді. Сондықтан табиғаттың «тосын сыйынан» кейін мұндай күйге ұшырағандар басқа жерлерде де болуы әбден ықтимал.