Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Батыс Қазақстанда бір балаға қасқыр шапты

245

«Ол қораға кіргенде қасқырды көрген, алайда бөтен ит екен деп ойлаған. Жыртқыш балаға тап берген. Алайда ол қораның төбесіне шығып үлгеріп, құтылған. Ұл бала үлкендерді көмекке шақырған. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Сағат 8.40-та жасөспірімді Жалпақтал аудандық ауруханасына жеткізді, сол жерде оған құтыруға қарсы екпе салынды. Қасқыр жасөспірімнің оң жақ санын қауып алған. Қазір оның жағдайы бірқалыпты», – деді Зәйлім Мәжитова.

Оның айтуынша, жыртқышты жергілікті тұрғындар атып тастаған. «Жыртқыштың қажетті мүшелері сараптамаға жіберілді. Ол 10 күн ішінде жүргізіледі», – деп атап өтті аудандық әкімдіктегілер.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз