Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Батыс Қазақстанның бірнеше ауылы Жаңа жылда жарықсыз қалды

Ұялы ауылдық округінің әкімі Бақытжан Оразғұловтың айтуынша, электр жарығы 31 желтоқсан күні шамамен 22.00-дерде сөніп, 1 қаңтар күні 03.30-дарда қайта жанды. Көршілес Саралжын, Масин округтерінде де осындай жағдай орын алды.

«Бөкей ордасы ауданының үш ауылдық округінде жарықтың сөніп қалғаны рас. Арнайы бригада шығып, жоғары кернеулі электр желісіндегі ақауды жөндеп, қайта қосты. Бөрлі ауданында да бірнеше сағатқа электр жарығы сөніп қалған жерлер бар. Бүгін таңертең сағат 08.00-де Оралға қарасты Деркөл ауылының тең жартысы жарықсыз қалды. Қазір жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Күннің жылынып, электр сымдарына мұздың қатуына байланысты әлі де осындай жағдайлар болуы ықтимал. Сондықтан бригадалар жан-жаққа шығып, жұмыс жасап жатыр», – деді «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Қуат Мусин.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз