Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-6
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

Батьконың басы қатты істейді

111

Бірақ содан бері Батьконың үні естілмей қалды. Соған қарағанда, Белорусия Ресейден керегін алған тәрізді. Өйткені, Лукашенко жыл сайын Путинді жамандап-ақ Ресейден ақша бопсалауды әдетке айналдырып алған.

Екі жеп биге шығады

Саясаттанушы Әзімбай Ғалидің айтуынша, бұл жолы да Лукашенко Ресеймен саудаласып отыр. Бұған дейін Ресей жыл сайын Беларуське қыруар қаржы беретін. Ал биыл Ресейдің қаржылық мүмкіндігі нашар болғандықтан, оларға аз ақша беріп отыр.

Жалпы, ақшаны аз, немесе мүлдем бермеген кезде Лукашенконың тулайтын әдеті бар. Путин оның сұраған ақшасын беріп құтылатын. Бұл – бір. Екіншіден, осы тәсіл арқылы Беларусь президенті Батыс алдында бедел жинауды әдетке айналдырған. Естеріңізде болса, Батыс Лукашенкоға «Еуропадағы соңғы диктатор» деген атақ беріп, тіпті санкция салған болатын. Саяси себептермен сотталған қайраткерлерді түрмеден босатқаннан кейін Еуропа Беларуське салған санкцияны алып тастады. Ал енді Ресейге қарсы шыққаны үшін Батыс елдері Беларуське ақша беруі немесе оның имиджін жақсартуы мүмкін. Өйткені,

қазір Ресей әлемдегі ең сүйкімсіз мемлекет болып отыр.

Егер Ресей Беларусьтің сұраған ақшасын артығымен берсе, Лукашенко ләм-мим демейді, – дейді саясаттанушы.

Сағынтаев табандылық танытуда

Лукашенко Ресейді сынау арқылы бір оқпен екі қоянды атып алады. Бұл әрине, мақтауға тұрарлық қадам болса керек. Алайда оның ЕАЭО-дан шығып кететін ешқандай мүмкіндігі жоқ. Сондықтан отандық бұқаралық ақпарат құралдарының Батькадан батыр жасауы негізсіз сияқты. Біз неге мінез көрсетпейміз?

Лукашенконың Ресейге қарсы бұлай өткір сын айтуы бірінші рет емес. Ол бұған дейін талай рет Путиннің жер-жебіріне жетті. Осы әрекеті арқылы Беларусь өзінің ұлттық мүддесін қорғап қалатын. Оның үстіне, Ресей мен Беларусь арасында одақтас екенін көрсететін ЕАЭО-дан бөлек тағы бір құрылым бар. Лукашенко осы одақты желеу етіп, «Ресей жақын одақтасымыз бола тұра, бізге тауарын қымбатқа сатады» деп шағымданады. Ал біз біріншіден, Ресей мен Беларусь сияқты жақын одақтастықта емеспіз. Оның үстіне, қазір экономикалық одақтың бір жиналысына барсақ, екіншісіне бармай отырмыз. Өйткені Батыс елдері біздің басшылардың аяқ алысын жіті бақылап отыр. Егер Ресейдің барлық ұсынысына бас шұлғи берсек, Еуропа елдері «сенің Лукашенкодан ешқандай айырмашылығың жоқ» деп, санкция салып тастайды. Абырой болғанда, еліміз Ресейден ақша сұрамайды, – дейді Әзімбай Ғали.

Саясаттанушының айтуынша, Еуразия экономикалық одағы еліміз үшін қолайсыз болып отыр. Алайда ол үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев табандылық танытып, экономикалық одақтың зиянын сейілте алады деген пікірде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз