Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
9
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

“Басы қылтиды…”. Күйеуін еркекпен ұстап алған әйел өз сырын айтты

288

Бір күні құрбым екеуміз шәй ішіп, әңгіме-дүкен құрып, еркектердің жүрісі туралы сөз еттік. Ақыры сол әңгіме менің күйеуімді аңду деген қорытындымен тәмамдалды. Құрбымның көлігі бар, бір күннің бойына күйеуімді аңдыдық.

Жұмысқа кірді, түстікке шықты, бірақ жұмыстан қайтарда кешкі 7 емес (маған солай айтады ғой), 5-те шықты. Букмекерлік кеңсеге кірді, ол арадан 5.45-те шықты. Одан соң бір үйдің ауласына көлігін қойды. Сөйтіп подъезге кіріп кетті. Құрбым артынан бар деп қоймайды, менің аяғым тартпады. Бір қылмыс жасап жүрген секілді, біртүрлі қорқынышты екен. Содан қайттық құрбым екеуміз.

https://kaz.365info.kz/ayagymdy-bajlap-tonkhyldatty-kyjeui-bar-kelinshek-zorlanganyn-ajtyp-kenes-syrady-320437

Күйеуім сол күні әдеттегідей кешкі 9-ға таман жұмыстан оралды.

– Қашан шықтың жұмыстан, – дедім әдейі. Көзін бадырайтып бір қарады да, не менің жұмысым нешеде бітетінін білмеуші ме едің деді.

– Білем, кешкі 7-де.
– Енді неге сұрап тұрсың?..

Содан санамда түрлі ой жүгірді. Неге жасырады менен бұл. Ұйықтай алмадым, таңертең тұра сап әлгі құрбыма хабарластым. Бүгін тағы аңдыйық күйеуімді деймін оған. Ол келісті. Біз кешкі бестерде оның жұмысының маңайынан табылдық. 5-тен 10 кеткенде шықты тағы. Жолай дүкенге кіріп, азық-түлік алды. Енді ешқандай күмәнім қалмады. Ол ешқашан үйге тамақ тасымайды. Демек, бұл басқа отбасыға деп қоям.

Иә, тағы да сол үй, сол аула. Бұл жолы іркілмедім, артынан өкшелей жүрдім. Ол мүлде қаперсіз, артына қараған да жоқ. Бір пәтердің қоңырауын басты. Есіктің ар жағынан бір еркектің басы қылтия кетті. Ол кіріп кетті. Мен тосылып тұрып қалдым.

Құрбыма қайта оралдым. „Не де болса бар, кір, біл, енді сені тасымаймын, бұл соңғы мүмкіндігін„ деп қамшылады. Өзімді итергендей боп әлгі пәтердің алдына келдім. Қоңырауды бастым. Бағана қытиған бас тағы шықты.

https://kaz.365info.kz/myzhgyzam-akimnin-tokhaly-bolam-dep-zar-ilegen-khyzdyn-kim-ekeni-belgili-boldy-video-320436

Күйеуімнің атын атап, соны шақыршы дедім. Маған ол таң қалып қарап қапты. Не дерін білмей тұр-ау деймін. Ақыры кері кетті. Біздікі есік сыртында дәл мен тұр деп ойламаса керек, есікті айқара ашты. Мен де тосылып тұрмай оны кеуделеп итеріп, ішке кірдім де кеттім.

Үйде екі еркектен басқа ешкім жоқ. „Мында не істеп жүрсің„ десем, күйеуім басын сипайды.

Артынан үйге келген соң „досым ғой, екеуміз футбол көреміз„ дейді.„ Өзім салақтап барғаным ұят қой, арасында жейтін тамағымды ала барам„ – деді тағы. Шешінген судан тайынбас демекші, „Анадай емессіңдер ме„ дедім ақыры. Жоқ деп ол азар да безер. Көңілім орнына түсер емес.

https://kaz.365info.kz/futbol-korgender-tozakhkha-tysedi-belgili-uagyzshy-320631

Тура сол кешкі беске тақалып тұрғандай сол уақытта саған күнде футбол бола ма деп екілендім. Футбол болмаса басқа спорт болады дейді. Ақшаны қайдан аласың деймін. Сол шоталдар ғой тапқан деп қояды. Тіпті болмаса шотал сұрап алам басқа жігіттерден ұтқан дейді. Не керек, мынасы маған мүлде ұнамады.

Содан кешкі бесте қайтасың ба, 6-да үйде бол дедім. Бір күн сөйтті де, одан соң бұрынғы әдетіне қайта басты. „Шаруаң болмасын менде„ деді. „Қарсы болсаң ажырасайық„ – деп кесіп айтты.

https://kaz.365info.kz/sheshin-ystajmyz-dedi-karimzhan-esimdi-trans-tyrmedegi-tagy-bir-symdykhty-ajtty-foto-320309

Жүрек сезеді деуші еді, қазір менің жаным бір орнына түсер емес. Мынау сұмдық болды. Маған не істеу керек мұндайда. Букмекер деген азарт ойын ба? Соның артына түсіп алған секілді. Үйдегі ақшаны тасымаса да жан-дүниесі сол жақта секілді. Қайту керек маған?..

Зарина, Алматы қаласы

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз