Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

“Басшылар ауысады…”. Танымал нумеролог 2019 жылғы болжамымен бөлісті

564

Келер жылдың басты саны — 3. Ал бұл сан әдеміліктің символы. Яғни жаңа жыл құрылыс, дизайн саласында жүргендер үшін барынша табысты болмақ. Нумеролог өзге сала мамандары үшін де тосынсыйлардың көп екенін айтады.

“2019 жылы қазақстандықтардың баспанаға қатысты қиындықтары шешіледі. Шағын бизнесін ашып, белгілі бір кәсіпті қолға алғандардың тасы өрге домалайды. Ең бастысы,

Қазақстан отандық дизайнерлердің бірегей әрі әдемі киім үлгілерінің арқасында шетелге танылады”,

— деді нумеролог.

Бұдан өзге Құралай Бақытқызы жаңа жылда қазақстандықтарды қазба байлықтарына қатысты қуанышты жаңалықтар күтіп тұрғанын айтты. Тіпті, ол алтын адаммен пара-пар байлық болуы мүмкін. Мұнымен қатар, 2019 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келген сәбилердің өскенде әскери адам болатынын айтты.

«Билік соқыр ма?..». Ресейден келген қазақ ана тілінің мүшкіл хәлін көріп, жағасын ұстады

Қаңтар — еңбек айы. Көбінесе қазақстандықтар қаңтар айында демалады. Керісінше көбірек жұмыс істеп, жаңа жоспар құрып, бизнес ашып жатса, адамдар әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын ретке келтіріп алатын еді. Келер жылы қаңтарда ауа райы өте суық болады. Сол себепті адамдардың тыныс алу жолдарына күтім жасап, моншаға бармай қоя тұрған жөн. Сондай-ақ, осы кезде тыныс алу жолдарымен байланысты созылмалы аурулар қабынуы мүмкін.

Ақпан — әділет айы. Бұл айда жабулы қазанның беті ашылады десек те болады. Яғни адамдардың ара-қатынасында өтірік болған болса, оның барлығы жария етіледі.

Сондай-ақ, басшылар сын естіп, үкіметте, әскери құрылымда және салық саласында ауқымды өзгерістер болады. Бұл өзгерістер негізінен басшылардың ауысуымен байланысты.

Наурыз — әдемілік айы. Аталған айдың энергетикасы өте мықты. Сондықтан болар бұл айда дүниеге келгендер болашақта жақсы құрылысшы, дизайнер, қаржыгер, аспаз болады. Мұны ескеріп осы кезде балаларды аспаздық курстарына беріп, сурет салуға баулу артық болмайды. Өкінішке қарай, бұл айда адамдар жалқаулыққа бой алдырады.

Сәуір — тіл үйреніп, спортпен шұғылданатын ай. Әрине, бұл екеуін де жыл он екі жасауға болады. Десе де, сәуір айында нәтиже аса табысты болатынын ұмытпаңыз. Атақты спортшылардың көбісі осы айда дүниеге келген. Ең бастысы, ауыр жарақат алып қалмауға тырысу қажет. Мұнымен қатар, осы айда шоу-бизнесте өзгеріс болып, журналистердің жұмысы жақсара түседі.

«Сататын түк қалмады». Ресейде жаттығып жүрген спортшы қыз — Гүлжан елден көмек сұрайды

Мамыр — шығармашылық айы. Нумерологияда бұл айды көбінесе радио және кино саласымен байланыстырады. Бұл айда дүниеге келгендердің музыкалық есту қабілеті жоғары келеді: пианинода ойнап, кино түсіреді. Мұнымен қатар, медицина саласында үлкен өзгерістер болуы мүмкін.

Маусым — прогресс айы. Инновациялық жобалар мен ақпараттық жүйелер дами түседі. Осы жүйелерге және спортқа қатысты көптеген бағдарлама қолға алынады және олардың барлығы дерлік табысты болады.

Шілде — балалар айы. Жасөспірімдер мен бүлдіршіндерге арнап ұйымдастырылған байқаулар Қазақстан үшін жеңіс әкелмек. Бұл айда дүниеге келгендер жақсы саясатшы, актер болады. Мүмкіндігінше осы айда денеге зақым келтіріп алудан сақтану қажет.

Тамыз — сауда айы. Көптен бері сата алмай жүрген үйіңізді осы айда өткізе аласыз. Сондай-ақ, бұл уақытта баспаналы болуды жоспарлап жүргендердің арманы орындалады.

«Бәріміз жалаңашпыз». Фейсбукте бір қыз шешінді (фото)

Қыркүйек — денсаулықты қалыпқа келтіру айы. Күрделі ота жасатып, тісіңізді емдетуді жоспарлап жүрген болсаңыз, мұндай шараларды осы айға қалдырған дұрыс. Өйткені бұл айда дәрігерлердің түйсігі өте жақсы жұмыс істейді. Мұнымен қатар, курстарға жазылып, білім алу үшін таптырмас ай болмақ.

Қазан — қорғаныс айы. Елде қорғаныс министрлігінде белгілі бір өзгерістер болуы мүмкін.

Мысалы, министрлер ауысады дегендей. Сондай-ақ, ІІМ құрылымында да өзгеріс болуы ғажап емес.

Әдетте бұл уақытта дүниеге келген балалар өскенде әскери қызметке барады.

Қараша — мәдениет айы. Бұл кезде мүмкіндігінше концерт, музей және кинотеатрға көбірек барған дұрыс. Мүгедектер мен қарттар үйіне көмектесу, әлеуметтік жобаларды қолға алу артық болмайды.

Желтоқсан — армандар орындалатын ай. Аталған айда туризм, логистика және энергетика саласына жақын болатын адамдар дүниеге келеді. Жаңа жыл қарсаңында құрған жоспарларыңыз бен армандарыңыз міндетті түрде орындалады. Сол себепті барынша қиялға ерік беріп, кейін нақты жоспар құра білген жөн.

Дерек көз: Sputniknews.kz

«Түрсиге дейін алдырған…». Жамбылда жас қыз бір еркекті оңбай «лақтырды» (видео)

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз