Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Баспана салу үшін қандай құжаттар керек?

376

– жергілікті билік басшысының жер телімін беру туралы Қаулысы;

– сату-сатып алу келісім-шарты;

– бас жоспар, жер телімінің төлқұжаты;

– жер телімінің шекарасы, онда салынатын ғимараттар туралы акт.

 Осыдан кейін бұл құжаттарды тексеріп көрген әкімшілік үй салуға рұқсат беру жөнінде Қаулы шығарады. Мынадай құжаттар рәсімделеді:

– әкімшіліктің Қаулысы;

– үй салушыға құқық берілетін құжат;

– бас жоспардан үй салуға берілетін құжат көшірмесі;

– ситуациялық жоспар;

– инженерлік жүйелерге қосылуға қатысты техникалық жағдайлар, фасад, қабат сызбалары;

– жер телімінің салынатын түрлі ғимараттарға қатысты сызбасы.

 Бұдан бөлек, салынатын үй жоспары жеке құжатқа тігіледі. Онда мынадай құжаттар болады:

– ситуациялық жоспар, мұнда үйдің жақын елді мекенге байланысы, сыртқы жарық, жылу, су көздерімен кәріз жүйелерімен, құрылыстарымен байланысы көрсетіледі;

– үйдің жақын көше бөлігімен қоса «топосьемкалық» суреті;

– жер телімінің жақын аумаққа байланысын көрсететін тігінен жасалған сызбасы;

– жертөле мен қабаттар жоспары;

– ғимараттың бүйір және бас фасадтары;

– сәйкес бөліктер;

– қабаттардың жабылуына қатысты жоспар, шатырдың, жабындының жоспары;

– іргетас жоспары, оның қиылыс-бұрылыстарының жоспары;

– техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне қатысты жазбалар, ғимарат құнына қатысты қаржылық-сметалық есептеу­лер.

 Ал жер телімін құжаттандыру үшін тиісті мекемеге ол жерге не салынатынын, қай аумақта екенін, көлемін көрсетіп, жеке басты растайтын құжат көшірмесін, сату-сатып алу туралы келісім-шартты, азаматтың жер теліміне құқық көрсететін құжатты, кадастрлық жоспарды қоса тігіп, өтініш өткізу керек.

 Есте ұстар жайт, мемлекеттік меншікті реттеу органына өтініш тастап (паспорт көшірмесімен бірге), жер бұған дейін жекешелендірілген бе – соны білу керек. Жер телімі өз атына рәсімделгесін өтініш берушіге шешім құжаты тапсырылады. Жерді өлшеу, кадастрлық жоспар жасауға кететін шығынды жер иесі өтейді. Сосын мемлекет тарапынан жер теліміне қатысты сату-сатып алу келісім-шарты жасалады. (Өтініш берушіге жер телімі мұрагерлікпен қалған немесе мемлекет тарапынан тегін берілген болса, құжат басқаша рәсімделеді). Бұдан кейін тіркеуге өтініш беріледі. Мынадай құжаттар қоса тігілуі керек: Төлқұжат көшірмесі, жергілікті атқарушы биліктің жер телімін бергені туралы шешім көшірмесі, сату-сатып алу келісім-шарты, жердің расталған кадастрлық жоспары. Паспорттан басқа құжаттар түпнұсқа және көшірме түрінде өткізілуі тиіс.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз