8 сәуірде Crocus City Hall-да Алла Пугачеваның мерекелік кеші өтті. Димаш Құдайберген концертте “Любовь, похожая на сон” әнімен өнер көрсетті.
Димаш Құдайберген әнді Игорь Крутойдың сүйемелдеуімен орындады. Әнші мен композитор шексіз қошеметке ие болды. Crocus City Hall әкімшілігі ресми парақшасында шағын ролик жариялап, әртістің ерекше өнерін бағалады.
“Тамаша вокалист @kudaibergenov.dimash және талантты композитор @igor _ _ krutoy “Любовь, похожая на сон”, Кімнің денесі тітіркеніп кетті?” – деп сұрады жазба авторы.
Әлеуметтік желі оқырмандары Димаш тек бірегей әнші ғана емес, басқа галактикадан жерге ұшып келген періште деген де пікірлер жазды.
Концерт Алла Пугачеваның мерейтойына арналды. Қонақтарды Григорий Лепс, Сергей Шнуров, Лобода, Валерий Леонтьев және т.б. атақты адамдар қуантты. Кештің жүргізушісі Максим Галкин болды. Естеріңізге сала кетейік, 15 сәуірде ресейлік примадонна 70 жасқа толады.