Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова ел аймақтары арасындағы жүріп-тұруға қойылған шектеуге қатысты пікір білдірді.
— Бірінші кезеңде – әуе рейстері, келесі кезең – темір жол, бұдан кейін бірден аймақтар арасындағы тосқауыл бекеттерін алып тастауымыз мүмкін. Аймақтардың ішіндегі бекеттер де алынатын шығар, — деген бас санитарлық дәрігердің сөзіне Zakon.kz сілтеме жасайды.
— Автокөлік несеме автобуспен салыстырғанда бір қаладан екінші қалаға келіп жатқан адамдардың аз болғанын түсініп отырмыз. Бұл біріншіден. Екіншіден, біз аймақтардағы жағдайды бақылап отырмыз. Бүгінде аймақтардағы жағдайдың теңескенін байқадық. Бұл өте маңызды. Вирус жұқтырғандар саны аз аймақтар бар, сондай-ақ максималды көрсеткішке жеткендері де бар. Біз қандай да бір шараны қабылдамас бұрын, қосымша вирус тасымалының болмағанын ойлаймыз, — деп түйіндеді бас санитарлық дәрігер.