Түркіменстанның бұрынғы Бас прокуроры Аманмырат Халлыев пен оның қарамағандағылар Азиада ойындарына қажетті қаражатты жинай алмағаны үшін жұмыстан шығарылды. Бұл туралы Азаттық радиосының дереккөзі хабарлады.
ІІМ басшысына “қатаң сөгіс” жарияланған. Дереккөз мәліметі бойынша, елде “салық” төлеуден бас тартқан бірнеше кәсіпкер ұсталған, бірқатары Түркіменстаннан кетуге мәжбүр болған.
“Жағдайдың қиын болғаны сонша, Бердымұхамедовтың өзі ірі кәсіпкерлерге Азиадаға ақшамен көмектесуін сұрады. Ал прокуратура және ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің үйлерінен миллиондаған доллар табылып жатыр”, – деді дереккөз.
Ашхабадтағы Азия ойындарына шамамен 8 миллиард доллар жұмсалды, оның 5 миллиардтан астамы Олимп қалашығын тұрғызуға, 2,3 миллиарды жаңа халықаралық әуежай салуға кетті.