Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Талғардағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты пікір білдірді.
Қойгелдиев тергеу барысының прокуратураның бақылауында екенін айтты.
«Күдіктілерге бірқатар айыптар тағылған, олар қамауда отыр. Айта кетері, Шерзаттың әкесіне қатысты ешқандай қылмыстық іс қозғалмады. Сонымен қатар үйін өртеп кетуге қатысты іс те тергеуде. Сараптамалар тағайындалды, жұмыс жүріп жатыр», – деді Ғалымжан Қойгелдиев.
Еске салайық, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмған еді. Кейіннен жағдайдың мән-жайы анықталды. Жанжал жасөспірімнің отбасы жұмыс істейтін дүкенде басталған. Туыстарының айтуынша, сауда нүктесіне келген сатып алушы сыра алып, ақшасын төлеуден бас тартқан. Сондай-ақ Шерзат Болаттың үйін белгісіз біреулер өртеп кеткені туралы жазған едік.