Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Бас прокуратура қылмыстық айыпұл мөлшерін азайту бойынша заңнамалық түзетулер ұсынды

123

Әрине, бұл жұмысты бір мезгілде Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске әкімшілік айыппұлдар мөлшерлерін төмендету туралы түзетулер енгізе отырып жасау қажет. Оларды қазірден бастап Әділетмині жанындағы жұмыс тобы пысықтауда.

Екіншіден, меншікке қарсы қауіпті емес қылмыстық әрекеттер бойынша еселік айыппұлдар енгізуді ұсынамыз. Бұл ұсақ ұрлық, тонау, алаяқтық, талан-таражға салу және т.б. Барлығы ҚК 7-бабы бойынша 13 құрам. Бұндай тәсіл зиянның болмашы сомалары бойынша айыппұлдардың мөлшерден тыс болуын жояды. 10 мың теңге ұрлық үшін миллионға айыппұл салмау үшін қажет.

Мысалы, көршілес Қырғызстанда «айып» деген жекелеген жаза бар. Бұл айыппұлдың өзі, бірақ ол зиян сомасынан үш есе мөлшерде тағайындалады.

Бұндай тәсілді бізде де қолдануға болады. Әрине, айыппұлдың еселігі қандай болатынын мұқият ойластыру қажет. Қырғызстандағыдай үш есе ме? Әлде одан да жоғары бола ма? Барлық ықтимал тәуекелдерді есептеу қажет. Кей адамдар ұдайы ұрлайтын қылмыскер әрдайым еселік айыппұлдармен құтылады деп айтуы мүмкін.

Біз оларды ұрлықты алғаш жасаған адамдарға ғана қолдануды ұсынамыз. Шын мәнінде, біздің ұсынысымыз новелла емес. Еселік айыппұлдар бізде парақорлық бойынша бар. Олардың нәтижесі жаман емес.

Онша ауыр емес әрекеттер бойынша еселік айыппұлдар Түркия мен Жапонияда бұрыннан қолданылады.

Біздің үшінші ұсынысымыз – айыппұл төлеу мерзімдерін ұлғайту. Үкім күшіне енгеннен кейін бір айлық мерзімді екі айға дейін ұзартуға болады. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесі бойынша, жаза кесілгендерге бөліп төлеуді 1000 АЕК-ке дейінгі айыппұлдар бойынша бір жылға дейін беруге болады, егер мөлшер одан көп болса – екі жылға дейін беріледі.

Төртіншіден, ұсынылған мерзімін ұзарту және бөліп төлеу шараларын ескере отырып, егер айыппұл мерзімінде төленбесе, жаза кесілген адам оны төлеуден жалтарды ма, жалтармады ма, оған қарамастан айыппұлды өзге жазаға ауыстыру қажет. Бұл туралы үкімде бірден ескерту керек. Бұның барлығын Қылмыстық-процестік және Қылмыстық атқару кодекстерінде регламенттеу қажет», – деді Марат Ахметжанов.

Бүгін Бас прокуратурада «Қосшыдағы пікір алмасу» атты Криминологиялық форумның алғашқы отырысы өтті, ол қылмыстық сот төрелігін одан әрі дамыту үшін тұрақты алаңға айналмақ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз