Бас прокуратура Қазақстандағы Telegram арналарға тексеріс жіргізеді. Қазақстанда өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген контентке байланысты бірнеше Telegram арнаның қатысушылары мен әкімшілері тексеріледі. Сондай-ақ, басқа да әлеуметтік желілерде осындай белгілердің бар-жоғы тексеріледі. Бас прокурор осылай деп мәлім етті.
«Интернетте өз-өзіне қол жұмсауды насихаттағаны үшін прокуратура Қылмыстық кодекстің 313-1-бабымен 3 қылмыстық іс қозғады. Тергеуді арнайы прокурорларға тапсырдым», – деп жазды Берік Асылов X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.