Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-10
USD
523
+5.98
EUR
549
+6.33
RUB
5.05
+0.07

Бас прокуратура: Инвестициялық қорғау аясында 106 лауазымды тұлға жазаланды

Мысалы, қарыз қаражатын пайдалана отырып, вагондар паркін жаңғыртқан 3 компания ішкі мемлекеттік аудит комитетінің 1,7 млрд теңгеге субсидияларды қайтару туралы талаптарына тап болды.

Уәкілетті орган тасымалдаушылармен несие мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша артық сыйақы алғаны есептеліп, Көлік комитетінің сотқа шағымдармен жүгінуіне негіз болды.

Астананың соттары Комитеттің талаптарын қолдады. Дегенмен, қадағалаушы орган тасымалдаушылар тарапынан бұзушылықтарды байқамай, субсидиялар бекітілген бюджеттік өтінімдер шегінде аударылғанын, ал тасымалдаушылардың нақты шығындары олардан едәуір асып түскені анықталды.

Сондай-ақ, Комитет қайтарылуға жататын соманы есептеу кезінде әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемін айқындау жөніндегі әдістемені қолданбаған.

Нәтижесінде, Бас прокуратураның наразылығықтары бойынша Жоғарғы Сот сот актілерінің күшін жойып, Көлік комитетініңталаптарын қанағаттандырудан бас тартты.

Осылайша, тасымалдаушылардан 1,7 млрд теңгені негізсіз өндіріп алуға жол берілмеді, бұл әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарына тарифтердің ұлғаюын болдырмауға мүмкіндік берді.

Еске салсақ, егер сіз инвестор болсаңыз және жобаны іске асыруда қиындықтар туындаса, онда сіз Бас прокуратураның кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі Call-орталығына (тел. (7172) 30-17-93, +7-702-629-75-61) құқықтық көмек пен кеңес алу үшін жүгіне аласыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз