Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Бас прокуратура азаматтарды қабылдаудың жаңа ережесін бекітті

Өтінішті сall-орталығына, яғни 115 нөміріне қоңырау шалу немесе «115.kz» және «egov.kz» порталдары арқылы ауызша және жазбаша қалдыруға болады. Қабылдауға жазылу прокуратура органдарының құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша жүргізіледі.

Бас прокуратура басшылығы қабылдауды кемінде айына бір рет, облыстар – аптасына бір рет жүргізеді. Сонымен қатар енді облыс және аудан прокурорлары олардың берген алдыңғы жауаптарының болғанына қарамастан қабылдауға міндетті. Басқа қызметкерлер, соның ішінде аудан прокурорлары да қабылдауды қажеттілік туындағанына байланысты күнделікті жүргізеді. Ол үшін алдын ала жазылудың қажеті жоқ.

Қабылдауға өкілеттік берілген прокуратура органдарының қызметкерлері бекітілген кестелерге сәйкес жұмыс уақытында сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін күнделікті қабылдайды.

Ішкі істер органдарында, пенитенциарлық және арнаулы мекемелерде (тергеу изоляторлары, уақытша ұстау изоляторлары, арнаулы қабылдау орындары, қабылдау-тарату орындары, гауптвахталар) азаматтарды қабылдауды бекітілген кесте бойынша кезекші прокурорлар жүргізеді. Кестені мекемелердің ғимараттарында көріп-танысуға болады.

Қажетілікке қарай облыс прокурорлары өтініш берушілерді қабылдауды өздерінің орынбасарларына тапсыруы мүмкін. Алғашқы кездегідей, арыз иелері өтініштің қарауына жеке қатысуға және құжаттар ұсынуға құқылы.

Облыстық және аудандық прокуратуралардың қызметкерлері жеке қабылдаудан түскен өтініштерге жауапты қанағаттандырудан бас тартуға себеп болған негіздерді түсіндіріп, өтініш берушінің жеке өзіне тапсырады.

Қағидаларда Бас прокуратура басшылығының қабылдауына жазу жүргізілмейтін негіздер де көрсетілген. Оларға келесі жағдайлар жатады:

– сол мәселе бойынша бұрын қабылданған немесе, тиісінше, Бас Прокурордың және оның орынбасарының жауабы бар болғанда;

– егер Қылмыстық-процестік кодекстің 106-бабының 1-бөлігіне сәйкес арыздардың қаралуы соттың құзыретіне кіретін болса, сондай-ақ сотқа жолданған қылмыстық істер бойынша;

– сот актілеріне шағым беру мерзімін өткізіп алған кезде;

– Азаматтық процестік кодекстің 54-бабының 2-бөлігімен көзделмеген істер бойынша сот актілерін даулағанда (міндетті емес санаттағы істер бойынша);

– кассациялық тәртіпте қайта қарауға жатпайтын сот актілеріне шағымданғанда (АПК-тің 429-бабының 7-бөлігі, 434-бабының 2-бөлігі және ҚПК-нің 484-бабының 2-бөлігі).

Сонымен қатар, Бас прокуратура басшылығының қабылдауына азаматтардың Құқық қорғау қызметтері орталығы арқылы жазылуына мүмкіндіктері барын назарға саламыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз