Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Жақып Асанов: Бас прокуратура академиясы тұрақты талқы алаңына айналады

Жақып Асанов отырысты аша отырып қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы қолданудың даулы мәселелерін қоғамдық талқылауға арналған тұрақты алаңның жасалып жатқанын атап өтті. Нақ осында ғалымдардың, азаматтық қоғам өкілдерінің, адвокаттар мен құқық қорғаушылардың пікірлері жинақталатын болады. Мұндай форматтың нәтижесі – тек мемлекеттік құрылымдардың ғана емес, адамдардың мүддесін көздейтін, яғни, күдіктінің, жәбірленушінің, куәгерлер мен өзгелердің көзқарасына негізделген ұсыныстардың әзірленуі.

Бас Прокурор алғашқы екі кездесуді Бас прокуратурада өткізуді және алдағы уақытта талқылауларға арналған база ретінде Қосшыда орналасқан Құқық қорғау органдарының академиясын белгілеуді ұсынды.

Адамдардың негізгі құқықтарын қамтитын қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамалардың ерекше маңызын айта отырып, Жақып Асанов құқық қолдану практикасының жеке проблемалық мәселелерін атап өтті.

“Адамдар Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерді мемлекеттің жазалаушы құралы ретінде қабылдайды. Алайда олар ең алдымен қоғамның өзін, тұлғаларды және меншікті қорғауға бағытталған”, – деп қорытындылады Бас Прокурор.

Жақып Асанов атап өткендей, бұл алаңда куәгердің, жәбірленушінің, күдіктінің, сарапшының және өзгелердің проблемалық мәселелері талқыланатын болады, ал әзірленген ұсыныстар алдағы уақытта Ведомствоаралық топқа беріледі.

Бүгінгі жиында қылмыстық айыппұлдар тағайындау, оларды орындау мәселелері және осы институтты жетілдірудің проблемалары талқыланды.

Отырыста айыппұлдар тағайындау және оларды орындау үшін басты кедергілер ретінде олардың тым үлкен мөлшері, өтеу мерзімінің жеткіліксіздігі және төлемеушілерге ықпал етудің тиісті тетіктерінің жоқтығы болып табылатынын атап өтті.

Бас прокуратура айыппұлдар мөлшерлерін түзетуге және төмендетуге, еселік айыппұлдарды енгізуге, төлеуді кейінге қалдыру мерзімдерін ұлғайтуға және айыппұлды бөліп төлеуге қатысты нақты заңнамалық шаралар қабылдау туралы бастамалық ұсыныстарын жариялады.

Форумда оның қатысушылары арасында, соның ішінде Бас прокуратураның ұсыныстары бойынша мүдделі пікір алмасу болды, оның нәтижелері бойынша қылмыстық айыппұлдар жүйесін жетілдіру қажеттігі туралы ұсыныстар жасап шығарылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз