Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Бас муфти Ақтөбе тұрғынына пәтер кілтін табыс етті (фото)

155

«Нұр Ақтөбе» ықшам ауданындағы 2 бөлмелі пәтер бұйырған Сағыныш Тобажанова өзі жалғыз емес, ол қарт анасы мен екі інісіне де қамқор екен. Олар бұған дейін Махамбетовка ауылында тұрған.

Су тасқыны кезінде үш бөлмелі баспанасы қирап, шатыры ортасына түскен. Олар бұған дейін пәтердің, жердің кезегіне тұрып, мемлекеттен көмек сұрамапты.

«Барлығына алғыс айтамыз. Суға кеткен күннен бастап бізге көмектесіп, жағдайымызды біліп тұрды. Адам екі жағдайда көзіне жас алады. Бірі қайғыда, екіншісі қуанышта. Бүгін мен қуаныштан жылап отырмын», – деді Сағыныш Тобажанованың анасы Бағила Сәрсенғалиева.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз