Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Бас қалада өмір неге қымбат?

Статистикаға сүйенсек, өткен жылмен салыстырғанда биыл Астанадағы дүкендерде азық-түлік 13,2 пайызға өскен. Еліміз бойынша бұл рекордтық көрсеткіш деуге болады. Оның ішінде жұрт күнделікті тұтынатын тағамдар – көкөніс пен ет, сүт өнімдері де бар. Бұдан бөлек, Елордада өзге тауарлардың құны да шарықтап тұр.

Азық-түлік – 13,2  %

Түрлі тауарлар – 11,7  %

Қызмет көрсету – 2,2  %

Экономист Ержан Әмірбекұлының айтуынша, қымбатшылыққа бірнеше фактор әсер етіпті. Мәселен, Астанада халықтың саны артқан. Яғни, сәйкесінше тұтынушы саны да көбейді деген сөз. Бағаның көтерілуіне бұл да әсер етеді екен.

Ержан Әмірбекұлы,  экономист:

Біріншіден, Астана қаласында үлкен көрме өткізілгелі жатыр. Яғни,адам көп келеді.  Кәсіпкерлер дәл осы арада көп пайда табуды көздеп отыр. Бағаны қымбаттату арқылы олар түсетін табыстарын  да молырақ алып қарпып қалғысы келеді. Екіншіден, шенеуніктердің, депутаттардың айлықтары көтеріліп жатыр. Оны кәсіпкерлер біледі.

Ал жалпы елімізде инфляция деңгейі тұрақты екен. Екі айдан бері ол тұрақты түрде 0,5 пайыздан аспаған. Және Астанамен салыстырғанда өзге өңірлерде қымбатшылың қарқыны сәл де болса бәсең екен.

Азық-түлік –9,5 %

Түрлі тауарлар – 8,7  %

Қызмет көрсету – 4,8  %

Жалпы, еліміз бойынша азық-түлік 9,5 пайызға, тауарлар  9 пайызға жуық, ал қызмет көрсету 5 пайызға жуық көтерілген. Республика бойынша Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары баға ең баяу өсіп жатқан аймақтардың қатарына кірген.

 

Дереккөз: КТК 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз