Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Бас бапкер: қазақ боксшыларының ендігі жекпе-жектері қиын болады

Бірақ, ендігі жекпе-жектері өте қиын болады. Себебі, әлсіздер жарыстардан шығып қалды. Енді кілең іріктелген мықтылар қалды.

Сондықтан, бізді нағыз айқастар енді күтіп тұр, – деп атап өтті бас бапкер.

Сондай-ақ, ол өзінің қол астында жаттығатын жігіттер де осал емес екенін айтты.

– Біздің жігіттер де осал емес. Әрқайсысының өз орындары бар. Міне, бүгін Василий Левит финалға қиналмай жетті. Қазірдің өзінде қолында Олимпиаданының медалі бар. Бірақ, чемпион атану үшін тағы бір жақсылап тер төгуі керек.

Басқа жігіттер де солай. Терін төгіп отырып, жұдырықтаспаса, жүлдеден қағылады. Бәріне тапсырма ортақ. Алға қойған мақсатқа жету үшін барымызды саламыз, – деді Айтжанов.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медальмен бүгін жалпыкомандалық есепте 16-орында келе жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз