Қамшыбек Қоңқабаев Париж Олимпиадасында бірінші қарсыласы – испаниялық Аюб Гадфа Дриссиден жеңілді. Боксшы қарсыласына есе жібергеннен кейін пікір білдірді.
«Кімнің қолын көтерді, сол жеңімпаз болды. Қалай бар, солай қабылдаймыз. Барды салдым, көрдіңіздер. Осал қарсылас емес, Еуропа чемпионы. Енді қалған жігіттерге жанкүйер болыңыздар», – деді боксшы.
Айта кетейік, 92 келіден жоғары салмақта жұдырықтасатын Қамшыбек Қоңқабаев Еуропа чемпионы (2023), биыл әлем чемпионатында қола жүлде алған испаниялық Аюб Гадфа Дриссиден жеңілді.