Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
16
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

“Барлық белбеуді жинар едім!” Бақтияр Артаев Головкиннің орнында не істейтінін айтты

“Astana Arlans” клубының жетекшісі Бақтияр Артаев  Геннадий Головкиннің соңғы жекпе-жегіне қатысты пікірін Prosports.kz порталына берген сұқбатында  білдірді.

https://kaz.365info.kz/golovkinge-kharsylas-boluy-mymkin-8-boksshy-anykhtaldy-314487

“Головкиннің Ванес Мартиросянға қарсы жекпе-жегі қалай аяқталатынын бүкіл халық білді ғой. Ванес табан астынан таңдалған қарсылас болды.

Неге Деревянченко емес, деген де сұрақ туындаған.

Бірақ көбі жекпе-жек бесінші раундқа таман аяқталады деп күтті. Күткен нәтиже мерзімінен бұрын жасалды. Мартиросян Генаға ауыр қарсылас болды деп ойламаймын. Себебі, Ванестің деңгейі қандай, Геннадийдің деңгейі қандай екенін өздеріңіз де білесіздер”, — дейді Артаев.

Олимпиада чемпионы Головкин енді қарсылас ретінде кімді таңдағаны дұрыс екенін де айтып өтті.

https://kaz.365info.kz/eleusinovtin-algashkhy-zhekpe-zhegi-batyl-debyut-boldy-video-314401

“Таңдауды маған салса, бірінші кезекте Деревянченкомен жұдырықтасып, өз титулымды қорғап қалар едім. Кейін, Альвареспен кездесіп, есемді қайтарар едім. Содан кейін ғана

Билли Джо Сондерспен жекпе-жек өткізіп, барлық белбеуді жинап, сонымен мансабымды аяқтар едім”,

— деп түйіндеді ол.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз