Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
13
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

Барлығымыз абай болуымыз керек — Көлгінов

242
А. Көлгінов. Ашық көздерден алынған сурет

Ол бірінші кезекте жасына қарамастан  кез келген адам коронавирус инфекциясын жұқтыруы мүмкін екенін атап өтті.

— Вирус жұқтырғандардың жас құрамы: 40% — 30 жасқа дейінгі жастар, 35% —  30 бен 50 жас аралығындағы адамдар. Сондықтан, қарт адамдар қауіпті аймақта деген теория расталмады. Біз барлығымыз абай болып, өзіміз бен жақындарымызды қорғауымыз керек, — деді Көлгінов ОКҚ-да өткен брифингте.

Сонымен қатар әкім жедел штаб өз жұмысын ары қарай жалғастыратынын атап өтті.

— Азаматтар 109 қызметіне 300 мың рет қоңырау шалып, карантин және коронавирустың алдын алуға қатысты сұрақтарын қойған. 600 адам күн сайын, оффлайн режимде жүгінеді. Барлығы 15 мың адам келді. Қазірде ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО жұмысы іске қосылды. Сондай-ақ аналитикалық орталық пен жедел басқару орталығы, тосқауыл бекеттерінің жұмысын жабдықтау және қамтамасыз ету қызметі құралды, — деп түсіндірді Көлгінов. 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз