Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-2
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

«Бәріне өзім кінәлімін…» Ауылдан қалаға қашқан келіншек неге өкінеді?

298

Алғашында Серік көнбеген. «Қалаға кеткен құрдастарымызды айтып, сен солардан кемсің бе?» деп біраз намысына тиіп едім, ол көнді. Екінші сыныпқа баратын жалғыз қызымыз бар. Үйді, әкеміз еншілеп берген малды сатып, қызымызды «кейін алып кетеміз» деп ағайынның біріне тапсырып, қалаға тарттық.

Әу баста тірлігіміз жаман болған жоқ, Серіктің қалада жүрген достары көмектесіп, барохолкадан бір контейнер алып, сауда-саттыққа кіріп кеттік. Жүре-бара тірлігіміз оңалды. Қала шетінен бұрынғы жатақхана болса да, екі бөлмелі пәтер сатьп алдық. Қызымызды қолымызға алып, тәптәуір күн кешіп жаттық. Бәлкім, өстіп өмір сүре берер ме едік

Әттең

https://kaz.365info.kz/syra-iship-seks-izdejdi-zhurnalist-khyrbym-khalaj-byzyldy-285636

Қазір Серікке қалаға көшейік деп айтқаныма қатты өкінемін. Кейде өкініштен түндерді ұйқысыз атырамын.

Базардағы жап-жақсы саудамызды Серіктің өзі бұзды. «Сауда азайды, бұл күніміз күн емес. Үй сатумен айналысамын, ақша сонда. Басы істейтін, кішкене ғана ақшасы бар ақылды адамдар қазір жаппай сонымен айналысып жүр» деп, желпініп шыға келді. Ақылдаса келе Серіктің айтқанын дұрыс деп таптық.

Базардағы контейнерімізді тауарымен қоса саттық. Өзіміздің біраздан бері жиған ақшамыз бар еді. Арзандау деген үйді алыпсата қоюға ақшмыз жетпей, Серіктің достарынан қарыз алдық. Мұнда да жолымыз болды. Жарнама-хабарламаларды жібермей, іздестіріп жүріп арзан үйлер тауып, тәуір деген біреуін бар ақшамызға сатып алдық. Сосын оны сәл қымбатқа кері сатып, тәжірибе жинай бастадық. Тірлігімізді тағы оңалта бастадық. Құдай қолдап, Серіктің қолы жүріп берді. Бұған сол кезде Алматыда үй бағасының күрт өсуі де үлкен көмектесті. Қомақты қаражат жинап, қымбаттау үйлерді де қосқостан сатып алып, оны қымбаттау бағаға кері сатып ырғын пайда көре бастадық. Бұған мен де мәз, Серік те мәз.

«Осының бәрі қалаға барайық деген пұшық қара қатынымның арқасы», деп күйеуім мені желпіндіретін, мен де бір көтеріліп қалатынмын

Әттең, соның бәрі алдамшы екенКөрген түстей зу етіп өтті де кетті.

Жүре келе Серік «сен шапқылап қайтесің, сен үйде отыр, баланы тәрбиеле, сабағына көмектес» деп, бірге жасап жүрген тірліктен мен шеттетіп тастады. Алғашында мұны жөн дегем. Бірақ көңілі толып, қымбат көлік мінген Серік үйге тоқтауды қойды.

Үйде тұрмайды: «ана жерде бір арзан үй бар екен, мына жерде бір ғимарат бос тұр, қазір барып қарайын», деп шала бүлінді де қалды. Кұдды Алматының халқы тек соның сататын үйіне қарап қалғандай…

Түнделетіп жай келеді. Кейде келмей де қалады. Телефонына хабарлассам: «мен мында достармен отырмын, мен дела делаю» деп әкіреңдеп ұрсып айқайлайтын кезге жетті…

Бір күні үйге қонбай, ертеңінде сәл қызып келіп түр. Жай келсе бір сәрі ғой,

«кешір, Жанерке, мен өмірде қателесіппін, шын бақытымды енді таптым. Үй де, бала да сенде қалады, ажырасайық», деп қарап тұр.

Алғашында қызу шығар, қалжыңдап тұр деп ойлағам. «Қайдағыны айтпай жуын да тамағыңды іш» десем, «осы сенің ит жемейтін шикі картошкаңа әбден тойдым, мен үйден мүлде кетемін. Басқа әйел таптым», деп тікке кетті.

Арада біраз күн өтті. Екеуіміз бір жөнге келе алмадық. Қызымыздың «әкелеп» жылағанына ол пысқырып та қарамады. Айтқанынан қайтпайтын болған соң ажырасып тындық. Содан кейінгі күнім күн болмады….

Енді өмірім өкінумен өтіп келеді. Қызымның да көңіл-күйі жоқ. Кейде «папам қашан келеді» деп өксіп жылағанда жанымды қоярға жер таппаймын.

«Қалаға барайық» деп Серіктің миын жеген өзім едім. Қатты өкінемін. Амал не, енді бәрі кеш…

Мүмкін, мен оның ойындағыдай жақсы жар бола алмадым ба екен? Бәлкім, қолына көп ақша түскесін қаланың бір алаяқ қызына алданып, соның шырмауында қалды ма екен. Кім біліпті?

Тып-тыныш, бақытты күн кешіп жатқан жерімізден өзімнен-өзім шала бүлініп, күйеуімді қалаға жетелеп әкелгенім есіме түскен сайын өзегімді өкініш өртейді…

Әттең, сол бір ауылдағы қамсыз, бақытты күндеріміз қайтып келмейді-ау… Өкінемін...

Бәріне өзім кінәлімін, қайтейін…

https://kaz.365info.kz/tolykhpyn-kyjeuim-zhatpajdy-toseksiz-khansha-shydauym-kerek-265992

Жанна Бақыт

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз