Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

«Бәрін бақылаймыз!». Астанада тағы 10 мың бейнекамера орнатпақ

«Өмір сапасы жайында айтар болсақ, біз 34 әлеуметтік стандарт әзірледік. Олар қадамдық қолжетімділік ұстанымы бойынша анықталған. Бұлар саябақтар, спорттық алаңдар, емханалар, учаскелік полиция бекеттері, дүкендер мен балабақшалар. Біз 129 сектордан тұратын, 10 мыңға дейін адамды қамтитын бағдарлама әзірледік. Олардың барлығы да аталған стандарттармен қамтылуы тиіс», – деді Әсет Исекешев.

Оның айтуынша, қала әкімдігі 2020 жылға дейін қалалықтар үшін ыңғайлы барлық әлеуметтік және экономикалық стандарттарды әзірлеуді мақсат етіп отыр.

«Осы жылдың соңына дейін 10 мың бейне камера орнатылатын болады. Әзірше олардың саны ең маңызды орындарда 3 мыңды құрайды. Мұнан бөлек 109 қызметі жұмыс істеп тұр. Тұрғындарды алаңдатқан барлық ақпараттарды жинақтап отырамыз. 5 айдың ішінде 300 мың хабарлама мен қоңырау келіп түсті. Біз оларды күн сайын қараймыз және қаланың қай ауданында тұрғындарды не алаңдататындығын білеміз. Мәселен, 5 процентін сумен қамтудағы іркілестер, 10 процентін қоғамдық көліктегі жағдайлар алаңдатады. Біз бұл мәселелерді тез арада шешуге көмектесеміз», – деді елорда әкімі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз