Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Бәріміздің ойлағанымыз сол…”. Роза Әлқожа не дейді?

152

Шын поэзияның қандай екенін білмей, тақпақтарды өлең деп қабылдайтын жандарға күліп емес, аяп қарау керек!
Бұл – біздің идеологияның жемісі!

Екі-үш нотадан тұратын əндер мен сол тақпақтарды жарнамалап жатқан да өзіміз!
Шығармашылық адамында қайраткерлік қасиет болмаса, ол оқырман деңгейіне түсетіні белгілі.
Қайраткер ғана тарихта қалады! Сіз не жазсаңыз да өзіңіз үшін жазғанда қателеспейсіз! Оны сіз сияқты жандар оқиды. Ол да белгілі. Ендеше неге самарқау кейіп танытамыз?!.
Етті бағалау үшін адам əр жердің етінен дəм татуға тиіс. Сол үшін көже ішіп жүріп, ет қадірін білмеген жанға неге өкпелейміз?!

Тауардың алушысын анықтау үшін – ол көпке ұсынылуы тиіс! Сосын оны насихаттау да қажет! Əйтпесе, тайдтың жарнамасын көрген мен ариел деген ұнтақтың барын білмеуім мүмкін!..
Егер бəрін қаламақыға тіреп қойсаңыз, онда өзіңіз де бар байлығыңызды басып отыра бересіз!

Қазір бір ғана көсем шықса, қауіпті! Көп ішінен көзге түскеннің басын алу оңай! Ал егер жан жақтан бірігу басталса, “өз өзін жаттай сыйлап, жат жанынан түңілсе” – қоғамда бір дүмпу пайда болары сөзсіз!
Сол үшін де санасы ояу – сан мыңды оятуға күш салу керек!
Құдайдан берілгенді қайраткерлікке жұмсағанда ғана біз билікке ренжуді қойып, рухани жаңғыруды əр жерден бастап кетер едік!..
Революцияны бір ғана адам жасайтын болса, өзіңіздің үлкен күш екеніңізді сезіне бастайсыз!
Оқырманды, көрерменді өз деңгейіңізге жеткізу үшін сіз еңбектенуді тоқтатпаңыз, замандас!

Өзіңіз оқырман деңгейінде қалып қойсаңыз, өзгеге өкпелемеңіз! Əркім қолынан келгенін жасап жатыр!
Өлеңді емес, көйлекті жарнамалауға көшкен кей жандар бір сəт ойлануға тиіс!
Қоғаммен бірге қалғып жатқан қалыбыңызға жаныңыз ашымай ма?!
Өзі аз-ақ ұлттың жұтылып кетпеуі үшін де кері шегінбей, алға жылжудың амалдары қарастырылуы керек сияқты?!
Қанша аз болса да дархан даланы жайлаған елдін пейілі ғой жаратқанға ұнап тұрған!

Ендеше, бір бірімізді тəрбиелеуден басталған іс – ұлтты тəрбиелеуге апаратын жол екенін ұға түссек!
Кемсітуге бой алдырып, əрқайсымыз сыншы образына кіріп алғанша, кісəпір һəм қырсық қоғамға бір қайырым жасайық!
Қатқан мұз жібісін!
Сірескен сең бұзылсын!

Роза Әлқожаның фейсбуктегі жазбасынан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз