Нұр-Сұлтан
Қазір
19
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Бәрібір айтам”. Желі қолданушы жігіт Қайрат Құдайбергеннің өтірігін ашты

166

Оның айтуынша, кәсіпкер Қайрат Құдайбергеннің әрекеті тек өзін жарнамалау үшін ғана.

https://kaz.365info.kz/ylymnyn-kozine-shop-saldy-khajynatasy-bauyzdap-oltirgen-akherkenin-enesi-auyr-soz-ajtty-foto-325149

 

«Қайрат Құдайбергенді солардың қатарына жатқызуға болады. Ол Денис Тен қаза болған жерге барып, сурет пен видеоға түсіріп, қылмыскерді өзі ұстағандай болды. Күдіктінің өкініші жайлы айтты», – дейді ол.

Автор кәсіпкердің өзін жарнамалап қана қоймай, жалған айтатынын жеткізді. Айтуынша, ол Алматыда көлік апатынан зардап шеккен баланың шығынын толықтай өз мойныма алдым деп өтіріп айтқан.

«Мен көлік қаққан баланың толықтай тегін емделіп жатқанын білем. Дәрігерлердің еңбегіне ол кәсіпкердің еш қатысы жоқ. Оның жақтаушылары, жанкүйерлері маған небір қарсы сөз жаза беріңдер, бірақ мені оның ойдан құралған суреттері мен сөздері жиіркендіреді. Оның үстіне ол депутат адам», – деп жазады ол.

 

https://kaz.365info.kz/khajtyp-barmajmyn-tyrkistanda-zhogalyp-ketken-19-zhastagy-kelinshek-tabyldy-325133

Бұл ретте желі қолданушыларының ойы екіге бөлінді. Кәсіпкерді жақтағандар да, табалағандар да бар.

«Иә, дұрыс айтасың, ақыл айтқыш, жақсылық жасағыш, тек өзін көрсеткісі келіп жүрген адам», «Осындай ақылшылар, хайп жасағыштар көбейді, біреудің қайғысын өз пайдасына жаратады» – деп жазады бірі.

«Жақсылық жасаса да жақпайды. Баланың еміне қаражат аударғысы келгені өтірік емес шығар. Жарнама болса да бастысы жақсылық жасап жатыр. Отырып алып шындықты айтқанша, өзін жарнамалап жақсылық жасасын», – деп жазды бір тобы.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыдағы Шығыс айналма автожолында белгісіз жүргізуші 5 жасар баланы қағып кетіп, оқиға орнынан із суытқан. Әлеуметтік  желілерде баланың отбасының таныстары хабарлағандай, жүргізуші баланы қағып кеткеннен кейін оны көрпеге орап, жолдың шетіне тастап кеткен.

 

Дерек көз: Stan.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз