Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
2
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

“Бәрі тұрып кетті…”. Атақты оркестр қазақ композиторының музыкасын орындады (видео)

Оның шығармаларының тұсаукесері Прага, Лондон, Вена, Берлин, Сеул, Анкара, Ыстамбұл, Мәскеу, Бергамо, Аликанте және әлемнің басқа қалаларында өтті. Ол симфоникалық туындыларында үнемі фортепиано бөлімін өзі орындайды. Ал бүгін ерекше күн. Себебі тек сыбызғыға арналған пьесасы алғаш рет көрермендерге ұсынылады.

Рахат-Бидің «Алыстағы ойлар» атты жаңа туындысы танымал француз сыбызғы оркестрінің тапсырысымен жазылған.

Рахат-Би Абдысағын, музыкант:

– Бұл бірегей ұжым. Еуропада мұндай оркестрдің екеуі ғана бар. Бірі – Нидерландыда, екіншісі Парижде орналасқан. Ұжымның ерекшелігі, құрамында сыбызғының бес түрі де қамтылған. Пикколо, альт, бас және кіші, үлкен флейталар. Ең бастысы, контр-бастық сыбызғының болуы. Бұл – өте сирек кездесетін аспап. «Алыстағы ойлар» атты туындым жаңа заман жайлы болмақ.

Тибо Бэк де Сурани, Сыбызғы оркестрінің дирижері /Франция/:

– Осындай қызықты пьесаның авторымен жұмыс істеу бір ғанибет. Бұл бірегей туындының барлық қырларын ашып, көрерменге жеткізу үшін ұзақтығына қарамастан барымызды салып орындадық.

Рахат-Би әуенді 10 жасынан бері жазады. Көптеген беделді байқаулардың жеңімпазы, 100-ге жуық музыкалық туындының авторы өзін жеткен жетістігімен шектеп қана қоймай, алдына жаңа мақсат қойып отырады. Әлемнің әр түкпірінен келген музыканттар отандасымыздың туындыларына күрделі және ерекше әуезді деген баға беріп отыр.

Крис Андерсон, АҚШ музыканты:

– Бүгінгі концерт мені ерекше көңіл-күйге бөледі. Мені мұнда таныстарым шақырған еді. Келгеніме қуанып отырмын. Себебі Рахат-Би Абдысағинның кеші тамаша өтті. Бұған дейін қазақстандық композитордың шығармалары сынды ерекше әуен естімеппін. Тамсанып тұрмын. Рақмет!

Люсьен Майар, Париждің 17-ші аймақ мэриясының өкілі:

– Бұл өте тамаша пьеса. Заманауи музыканың концерттік бағдарламасын француз сыбызғы оркестрімен бірге Пьери Варто жетекшілігімен 10 жылдан бері қойып келеміз. Және осындай ұлы қазақ композиторын Франция астанасының сахнасында қабылдау біз үшін үлкен құрмет.

Алдағы уақытта жас қазақстандық композитордың Рим және Санкт-Петербургте ауқымды концерті жоспарланып отыр. «Қазақтың Моцарты» атанып кеткен Рахат-Би болса қазақ халқын әлемге таныту жолында аянбай еңбек ететіндігін жеткізді.

Жансұлу Дүйсенәлі, Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз