Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Бар десе барасың!..”. Депутат “құл секілдіміз” деген мұғалімнің өзіне ұрсып тастады

188

Сенен сұрамайды, құлақ кесті құлы секілді дөдеңдетіп ала жөнеледі. Мұндайда мұғалімдердің мәртебесін көтеру туралы айтудың не қажеті бар?..

https://kaz.365info.kz/mygalimderdi-maskhara-etpek-senator-okhushylardyn-khylygyn-ajtyp-ykimetke-shagyndy-302311

Бұл өзекті, бізде бар мәселе. Одан соң мұғалімдерді жыл сайын республикалық, облыстық, аудандық газеттердің бәріне жаппай жаздыртады. Бұл мәселе көтерілсе де әлі бір шешімін таппады», – деді мұғалім.

Бірақ кең креслоға жайғасқан депутаттарда түк таңданыс болмады. „Осы да жаңалық па„ дегендей, керісінше ұстазға кінәлай, сүзе қарады.

Бұдан соң Азат Игенов электронды күнделіктің әуресін де сөз етті.

“Электронды журнал деген шықты. Интернеттің сапасын жақсартпай бұл да үлкен бас ауру мұғалімдерге.

Түні бойы көз ілмей отырады, тіпті тәулік бойына Интернетті аңдиды. Электронды журналды толтыру үшін сөйтеді,

өйткені ауылдық жерлерде байланыс өте нашар”, – деді ол.

https://kaz.365info.kz/mektep-m-alimderi-bilim-zh-jesindegi-byly-tardy-ashy-ajta-bastady-229166

Мұғалімнің базынасына депутаттар атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің жауапты хатшысы Бейбіт Мамыраев жауап берді.

“Білесіз бе, біз де мектепте оқыдық, біз де мұғалімнің алдынан өттік. Ол кісілердің бейнесі әлі көз алдымызда. Қандай еді олар? Бәріне үлгі болатын. Бұл – бір, екіншіден,

ұстаз – қоғамдық маңызды тұлға. Сондықтан бұл арада ананы айтып, мынаған кетудің қажеті жоқ.

Әрине, бұлай дегенім мұғалімдерге ұнай қоймас, бірақ педагогтың қоғам үшін маңызды тұлға екенін еске сала отырып, рухани және басқа құндылықтар тұрғысында үнемі үлгі бола білуі керек екенін баса айтқым келеді.

Қоғамның кез келген мүшесі жиынға қатысуы керек, ал мұғалім соның басында жүріп, осы жауапкершілікті қалтқысыз атқаруға міндетті.

https://kaz.365info.kz/endi-ajyrtildi-m-alimder-a-shany-k-p-alady-223598

Ал Интернетке келер болсақ, „Қазақтелекомның„ құлағына алтын сырға, байланыс сапасына солар жауапты„ – деді ол.

Артықтау кеткенін сезді ме, әлде бір басқа себебі болды ма, сөз соңында депутат Бейбіт Мамыраев:

„Бұл тақырыпты осындағы БАҚ өкілдері ары қарай ушықтырмас деп сенім білдіремін„ деуді де ұмытпапты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз