Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
0
USD
458
0.00
EUR
491
0.00
RUB
5.97
0.00

Банктер қашықтан көрсетілетін қызметтер тізімін арттырды

Дереккөзі: compmastera.com

Сервис тұлғаны тану технологиясына негізделген және қаржы ұйымына бармай-ақ депозит ашуға, төлем карталары мен кредиттер алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қашықтан биометриялық сәйкестендіруді енгізу әлемдегі күрделі эпидемиологиялық жағдай талаптарына сәйкес келеді, —

дейді Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Есжан Біртанов. —

Қаржы қауымдастығының сервисті пайдалануы қашықтықтан көрсетілетін қызметтер тізімін кеңейтеді».

Банктерден басқа, сервис сақтандыру компанияларына, қор нарығының кәсіби қатысушыларына, төлем және микроқаржы ұйымдарына қолжетімді болады.

Пилоттық режимде сервис сәуір айында іске қосылды. Содан бері пилоттық жобаға қатысқан 11 банк қашықтан 2,8 млн қызмет көрсетті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2023 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз