Халық банкіне барып сұмдықтың көкесін көріп келдім. Тұтынушылар отыратын залдағы кондиционерді экономдап өшіріп тастапты. Ал менеджерлер мен кассирлер өздері отыратын жердікін қосып қойған.
11 -де барып, сағат 14:00-де бірақ шықтым. Ақша аудару операциясы үшін ұзын-сонар кезек. Табло жылжымайды. Терлеп-тепшіп отырған елді көріп әбден жыным ойнады.
Орыстың кемпірлері бас менеджерге барып, ойбайлап жүріп кондиционер қосқызды. Кезегім келіп ақша аудару комиссиясын көріп талып түсе жаздадым. 360000 мың теңгенің 3600 теңгенсін комиссия деп ұстап қалды. Осы біздегі банктер әр операциядан 1 пайыз комиссия ұстап отырып-ақ қаншама халықтың қалтасына түсіп жатқандарын қашан мойындайды?! 100 мың теңге аударсаң 1000 теңгесін комиссия деп ұстап қалады.
Карлыгаш Зарыкхановна
Фейсбуктегі парақшасынан