Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Банк басшысы 2%-тік ипотека алғысы келетіндерге аса маңызды үш кеңес берді

176

Бұл ипотека “Бақытты отбасы” бағдарламасы аясында беріліп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басшысы Ляззат Ибрагимованың айтуынша, үміткер ең алдымен баспана кезегін үнемі бақылап отыру қажет. Жолдаманы алғаннан кейін бірден банкке барған жөн. Бұл – бірінші кеңес.

Екінші кеңесім, міндетті түрде кәсіпкерлікпен айналысып немесе еңбек етіп, аз да болса табыс табу қажет. Бүгінде бұл – басты мәселелердің бірі. Табыс болмағаннан кейін кредит берілмейді. Содан отбасылар шу шығарып, наразылықтарын білдіріп жатады”, – деді Ибрагимова үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Банк басшысы нақты табысы жоқ отбасылар қомақты әлеуметтік көмекті алып отырғанын айтады. Соның есебінен кредитті жабамыз дейді. Алайда атаулы әлеуметтік көмек табыс болып саналмайды.

“Иә, бізде әлеуметтік төлемдер мен атаулы әлеуметтік көмек табыс көзі ретінде саналмайды. Ондай отбасыларға баспана кредиті берілмейді. Мемлекет атаулы әлеуметтік көмекті балаларға бөліп отыр. Ақшаны соларға жұмсау қажет. Ал әлеуметтік көмектің есебінен кредит жабуға жол берілмейді”, – деп атап өтті Ибрагимова.

Банк отбасының табыс көлемін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылған жарна бойынша анықтайды. Осыған байланысты Ибрагимова зейнетақы жарналарын үнемі аударып тұру керектігіне назар аударды.

“Ал үшінші кеңесім пәтер таңдауға байланысты. Үлкен пәтер таңдасаңыз, баспана кредитін 18 жыл төлей аласыз ба? Осыны ойлау қажет”, – дейді ол.

Айта кетейік, 2 проценттік баспана кредиттерін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы алуға болады. Ондай кредит көпбалалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі балалалы бар отбасыларға ғана беріледі. Осы бағдарлама аясында жыл сайын 5 мың отбасы баспаналы болады деген жоспар бар.

Банктің мәліметіне сәйкес, осы уақытқа дейін 2,5 мың отбасыға кредит беруге рұқсат берілді. Олар үш ай ішінде пәтер табуы керек. Баспананы тапқаннан кейін 2 проценттік кредит ресімделеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз