Бангладеште түрі 80 жастағы шалға келетін бала туылды

Бангладеште адам терісінің тым жылдам қартаюын шақыратын сирек кездесетін кеселге шалдыққан ұл бала дүниеге келді, деп хабарлайды life.ru.

Бұл оқиға Магура қаласында орын алды. Сирек кездесетін генетикалық ауытқушылыққа қарамастан, баланың әке-шешесі бақытты күйде.

Дәрігерлердің айтуынша, прогерия деген кеселге жер бетінде 4 миллион адамның біреуі шалдығады.

Бала шынымен де тез қартайып кетіпті, бетін кәдімгі кәріліктің әжімі басып кеткен.

photo_195990