Бангладеште 2 күн ішінде найзағай соғу салдарынан 81 адам көз жұмған, деп жазады шетелдік БАҚ.
Найзағайлы жаңбыр елде бір апта бойы аптап ыстық болғаннан кейін басталған.
«Екі күннің ішінде осынша адамның көз жұмуы Бангладеште ғана емес, әлемде де сирек кездеседі. Соңғы жылдары климаттың өзгеруінен найзағай жиі түсетін болды», – деді Төтенше жағдайлар министрі Мофаззал Хоссейн Чоудхури Майя.