Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Балқаштағы су деңгейі әлі қиындық туғыза қойған жоқ, бірақ қауіп бар – эколог

дереккөзі – weandworld.com

Құрғақшылық тұтас мал басын “қырып” жатқан Батыс Қазақстанның соңғы жаңалықтары аясында жұртшылық белсенді түрде бірегей Балқаш көлінің таяздануы мәселесін талқылауда.

“Климаттың өзгеруінің гидрологиялық салдарын зерттейтін NASA және Сircle of Blue мамандары 2021 жылы үш миллионнан астам адам Балқаштың таяздануының салдарын сезінетіндігін ескертті», – деп хабарлады БАҚ. – «Орталық Азиядағы ең үлкен көлдің көкшіл суы кеуіп қалған жасыл-қоңыр ландшафтқа айналуда. Сарапшылар Балқаш көлі Арал теңізінің ізімен келе жатыр деп қорқады».

Кім кімді жеңеді

Грейфсвальд университетінің және Дүниежүзілік аграрлық орман шаруашылығы орталығының Орталық Азия кеңсесінің аға ғылыми қызметкері Нильс Тевс «Іле атырабындағы сулы-батпақты жерлер 50 жыл бұрынғы Арал теңізінің айналасындағы сулы-батпақты жерлерге ұқсайды» деп мәлімдейді.

Ғалымдар экологиялық апаттың орын алу себептерін Қытайдың ауыл шаруашылығы өндірісінің өсіп келе жатқанынан және Балқаштағы тау-кен металлургия өндірісінен дейді.

Қазақстан шенеуніктері шетелдік экологтардың айтқанымен келіспейді. Шілде айының басында ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов көп жылдық тәжірибесі бар жергілікті су мамандары басқаша пікірде екенін айтқан болатын.

«Зерттеулер көрсеткендей, көлдің тұрақты деңгейде сақталуына (Балтық жүйесі бойынша 341 м-ден төмен емес) жыл сайын 12 миллиард текше метр су құйылуы кепілдік беріледі.

 Көпжылдық бақылаулар барысында соңғы 25 жылда көлдің деңгейі 342 м-ден төмен түспегені анықталды.

Бұл деңгейді сақтап қалу үшін Балқашқа жылына трансшекаралық Іле өзенінен кемінде 12 текше метр су келіп түсуі қажет, ол Балқаш ағынының 70%-ын құрайды. Бүгінгі таңда Іледен көлге орташа есеппен жылына 12,8 текше метр су ағып келеді. Яғни, Балқаштың таяздануына қауіп жоқ”, –деп атап өтті вице-министр.

Қиындық емес, бірақ қауіп бар

Шындығында, қазақстандық басшылар шындықтың жартысын айтуға бейім. Біз бұған бірнеше рет көз жеткіздік. Сондықтан беделді қазақстандық эколог, «ЭкоМұражай» қоғамдық бірлестігінің директоры Дмитрий Калмыковтың пікірін білуді жөн көрдік.

– Дмитрий Евгеньевич, соңғы жаңалықтарға қарағанда, Балқашта қиындықтар бар ма, әлде бізді бекер қорқыта ма? Егер қиындық әлі де бар болса, ол адамнан тәуелсіз экологиялық сипатқа ие ме, әлде адам қолымен жасаған, саяси сипатта ма?

— Мен бұл қиындық емес, қауіп деп айтар едім. Бұл тәуекел. Бұл қиындық деңгейіне әлі жете қойған жоқ, өйткені Балқаш құрғаған жоқ. Мұндай жүйелерде су деңгейінің ауытқуы әрдайым болып тұрады – жылдан жылға, маусымнан маусымға, ұзақ мерзімді ауытқулар болады.

Қытайлық көршілеріміз Іледен суды көп ала бастаса онда Балқашта су азаяды деген үлкен қауіп үнемі болып тұрады.

Алайда, осы әңгімені соңғы 20 жыл бойы естіп келемін. Жағдай нашарлаған жоқ, бірақ қауіп әлі де бар

Себебі, БАҚ-та жазғандай, Қытай оңайлықпен келісімге келмейді. Оқиғаның одан әрі қалай дамитыны әлі белгісіз. Соңғы жылдары көршілеріміз экологияға қатты мән беретін болған — олар суды үнемді пайдалануда.

Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы Балқаш суын үнемді пайдаланбайды. Көп су буланып кетеді, тамшылатып суару әдісі қолданылмайды, өндірістерде су айналымының жабық циклдары жоқ. Яғни, көлдің сақталуына оншақты қауіп бар. Бірақ қазір оның тайыздану мәселесі бар деп айта алмаймын.

Қателеспеу үшін ештеңе істемейді

— Онда бұл әңгімелер қайдан шықты?

– Айтылғаны дұрыс. Мемлекеттің үнсіз отырғаны жаман. Өйткені, арнайы бассейндік инспекциялар бар, олар өз балансында тұрған су ресурстарының жай-күйі туралы өзекті мәліметтерге ие. Ешқандай олқылықтар болмауы немесе жоқ жерде қиындық туғызуға тырыспауы үшін олар жағдайдың жай-күйін хабарлап отыруы керек. Олардан ақпарат сұрап көріңіз, сізге қандай жауап беретінін көрейік.

– Міндетті түрде. Ал жалпы Қазақстан туралы айтатын болсақ, жағдай қандай? Бірқатар аймақтарда құрғақшылық болып, мал қырылып жатыр. Мұның себептерін әртүрлі түсіндіреді – жауын-шашын мөлшерінің аздығынан бастап суару жүйесінің жетілмегендігіне дейін. Қызылорда әр көктемде су астында қалады. Бұл қиындықтардың орын алып келе жатқаны бірінші жыл емес. Егер реттейтін болса, мемлекет өз шаруашылығын реттей ала ма, әлде біз қандай шара қолданса да, пайдасыз болатын климаттық аймақта тұрмыз ба?

– Климаттық аймақтың бұған еш қатысы жоқ. Мемлекеттер шөл далада бидайдан мол өнім алғаны туралы көптеген мысалдар келтіруге болады.

 Біздің мемлекет су ресурстарын басқаруға тиісті көңіл бөлмейді. Тиісті ақша, заңдар, нұсқаулар жоқ.

Қысқасы, су ресурстарын мемлекеттік басқаруда әлсіздік бар. Жалпы, бізде құрғақшылық бола ма әлде суға батамыз ба, айту мүмкін емес. Себебі барлық аймақтарда әртүрлі. Табиғи ресурстарды басқару керек.

 – Не кедергі? Кадрлар жетпей ме, ешкімнің құлқы жоқ па, әлде саяси ерік жоқ па?

– Биліктің таңдауынан туындайтын саяси ерік жоқ. Жергілікті жерлерде тағайындалған басшылар қателеспеу үшін ештеңе істемеуге тырысады. Және жаза алмау үшін.

Шаруашылыққа қожайын керек

Шамамен 10 жыл бұрын су ресурстарын басқарған шенеуніктер тобы түрлі сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін түрмеге қамалды. Осы сынақтардан кейін бірдеңе өзгерді ме, әлде өмір ештеңе үйретпеді ме?

– Егер жаһандық деңгейде болмаса, жергілікті “серпіліс” жақсы жаққа, мысалы, Қарағандыда орын алды. Қаланың ортасында шағын өзен ағып жатыр, оның үстінде бірнеше су қоймасы орналасқан. Бұл шаруашылықты балдырлар басып, таязданып, балық тұншығып қалды.

2021 жылы Қарағанды жұртшылығы үлкен шу көтерді. Мемлекеттің құлағына жетті. Қазір осы өзенді толық қалпына келтіру бойынша жоба әзірленуде

– ескі коллекторларды аша отырып, тазалау және су қоймаларын тазарту жүргізілмек. Міне, қоғамдық-мемлекеттік тандемнің қалай жұмыс істегенінің тамаша мысалы.

Бірақ, егер түсінсек, елдің су ресурстары оларды сақтап қалу үшін нақты жұмысты және мықты шаруашылық басшысын қажет етеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз