Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-13
USD
522
0.00
EUR
544
0.00
RUB
5.05
0.00

Балқаш мәселесі: Қазақстанға екінші Арал қажет пе?

639
Lake Balkhash, satellite image. This lake, located in south-eastern Kazakhstan, is the second largest in Central Asia after the Aral Sea. Composite image obtained using data from the Landsat 5 satellite.

Қытайдағы жаңа ауыл шаруашылығы аумақтарын игеру және су тұтыну мөлшерінің өсуі Қазақстандағы ең ірі көл — Балқаштың таяздануына әкеп соғуы мүмкін. Ол туралы отандық және шетелдік ғалымдар да айтуда. Мұның қаншалықты жақын арада орын алатыны Қытайдың ауылшаруашылық өндірушілерінің  Іле өзенінен су тұтыну көлеміне байланысты болады. Әрине, Қазақстан да егістік жерлерін суару үшін Іле өзенінің суын тұтынады. Бірақ Қытай тарапының су тұтыну мөлшері едәуір көп және біртіндеп одан да көбейіп келеді.

1995 жылдан 2015 жылға дейін Қытайдағы суармалы ауылшаруашылық жерлерінің ауданы 30%-ға жуық өскен

Ал Қазақстанда айтарлықтай өсу байқалмаған . Қытай тарапы ынтымақтастықтан бас тартуда. Керісінше, олар жайылымдық жерлерге күріш отырғызып, өнім алу үшін су тұтынуды арттыруға ниетті.

Аспан Асты елінің жоспарлары

Қалыптасқан жағдай туралы біз Ресей Федерациясының Су шаруашылығы ғылымдары академиясының (РАВН) профессоры әрі академигі Мәлік Бөрлібаевпен әңгімелесуді шештік. 2017 жылы оған су ресурстарын сақтау ғылымын дамытуға қосқан зор үлесі үшін “ECO AWARD” сыйлығы берілген болатын.

– Мәлік Жолдасұлы, қалай ойлайсыз, Балқашқа төнген қатер шынымен де аса қауіпті ме?

– Иә, бұл мәселе бұрыннан бар. Іле өзенінен бастайық. Оның алабында Қытай аумағында 500 мың гектардан астам суармалы жер бар.

Қарапайым тілмен айтқанда, бұл өзен алабы үшін суармалы жердің қоры әлдеқашан таусылған.

Тағы бір қауіп бар — Әле өзені суының бір бөлігін Қытайдың Тарым өзенінің алабына қарай бұру

(сондай-ақ су ресурстары жетіспейтін Үрімшіге қарай бұру) жоспары. Ол Іле өзенімен көршілес, су ресурстары жеткіліксіз, бірақ егістік жер өте көп! Бүгінде Қытай аумағында, Іле алабында жеті ірі терең суасты су қоймасы салынған.

Таулар да кедергі бола алмайды

– Яғни, қытайлар Іле өзені суының бір бөлігін өздеріне қажет бағытта жасанды жолмен бұра ала ма?

— Қытай технологияларының табиғи объектілерге араласуы тәжірибеде бар – Ертіс өзені мен Қарамай мұнай-газ кен орнындағы жағдай. Қытайлықтардың өздері оны Батыс Қытайдың мұнай өнеркәсібінің бесігі деп атайды. Бұл кен орны ескі болғандықтан, әдеттегідей, уақыт өте келе ондағы мұнай мөлшері азайған. Қалдық мұнайды алу үшін олар Ертіс өзенінің суын сонда құяды. Су мұнайға қарағанда әлдеқайда ауыр, сондықтан ол мұнайды жоғары қарай көтереді. Ертістің суы Қарамай және Үрімші су қоймаларына түседі. 90-шы жылдардан бастап қазіргі уақытқа дейін Ертіс өзенінен қайтарымсыз су тұтыну көлемі 4 текше метрге жеткен. Дәл осындай көлемде су Іле өзенінен де алынған. Егер бұрын ҚХР шекарасынан 35 км қашықтықта орналасқан Добын трансшекаралық бекетінде Қазақстанға қарай жылына 16 текше километр су ағып өтсе, қазір тек 12 текше километр ғана өтеді.

Қапшағайдың тартылуы – мұның қасында аса алаңдатпайды…

– Неге бұл мәселелер қадағалаусыз қалған?

— Қазақстан мен Қытай арасында су бөлу жөніндегі үкіметаралық келісім әлі жоқ. Қапшағай үшін аса уайымдамаймын, өйткені бұл жасанды су қоймасы, оның суын көбейтіп, азайтып отыруға болады.

Балқаштың тағдыры сынға түсіп тұр!

Бұл табиғи су объектісі, біз оны сақтап, ұрпақтарға қалдыруымыз керек. Оның үстіне,

ең ірі Балқаш қаласы суды тек көлден тұтынады, басқа сумен жабдықтау көзі жоқ

Біз 70-ші жылдары Қапшағай су қоймасын салу арқылы не істегенімізді ұмытпауымыз керек. Бұл Іле өзенінің атырауының тозуына және Балқаштағы су деңгейінің айтарлықтай төмендеуіне әкелді. Су деңгейі қалпына келді, бірақ қандай қиындықпен!

Нәтижесіз келіссөздер

Су мәселелері бойынша үкіметаралық келіссөздер бүгінде ұзаққа созылып жатыр, өйткені қытайлар соны қалайды. Жеке өзім келіссөздерге 20 жыл бойы қатыстым. Бірақ

бұдан ары қатысқым келмейді – шаршадым. Қытай тарапынан емес, мәселенің мәнін түсінгісі келмейтін біздің шенеуніктерден.

Ал қытайлықтар әр сөзге мән беріп, бұл мәселені шешуді әдейі созбақтап келеді. Ал біздің басшыларымыз үстелді қолымен бір қойып, өз құқықтарын талап етудің орнына, маңызы жоқ хаттамаларға қол қоюды жалғастыруда.

Министрліктен — министрлікке

– Бұл келіссөздерге тікелей жауапты кім?

— Бұл жерде тағы бір мәселе жатыр. Осындай мәселелерге жауап беретін Су ресурстары комитеті біресе Қоршаған орта министрлігінің, біресе Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрамына ауысады. Содан кейін тағы да Экология Министрлігінің басқармасына берілді.

ғалым Мәлік Бөрлібаев

“Көршілермен” жанжалдасқысы келмейді

Кейіннен Су ресурстары комитетінің қызметін қайталайтын Трансшекаралық өзендер департаменті құрылды. Біз Су ресурстары комитетінің тәуелсіз және ешкімге бағынбайтын органға айналсын деген ұсыныстарды Ақордаға бірнеше рет жолдадық. Сонда ол өзінің даму стратегиясын жүзеге асыра алар еді. Бірақ, өкінішке орай, ғалымдарды ешкім тыңдамайды.

Қазір аталған министрліктер келіссөздермен айналысуда және нәтиженің болмауы – солардың басшылығының кінәсі.

“Су маманы” деген мамандығы бар вице-министр жетекшілік еткен келіссөз әлі болған емес. Біресе “орманшы”, біресе “экономист”, біресе “агроном” – кім басқармады

Ақылға қонымды шешімдерді басшы қабылдауы тиіс. Бірақ мәселенің мәнін басшы да түсінбесе, одан не күтуге болады?

– Мүмкін, үкімет көкжиекте көрініп тұрған мәселені жоққа шығарып, “көршімен” қарым-қатынасты бұзғысы келмейтін шығар? 

— Себебі, біз Сырдария өзеніндегі жағдайда да “ренжітіп алмасақ болды” деген қағиданы ұстанып отырмыз. Өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап бұл өзенді “көрші достарымыз” ағынды жыраға айналдырып жіберген. Сырдария – бұл Нарын және Қарадария өзендерінің бірігуі. Негізінен, Қарадария Тәжікстаннан лас сумен, ал Нарын Қырғызстаннан ағып келеді де, сол жерден бастап су таза болып ағады. Бұл таза суды өзбектер мақта мен күріш алқаптарына пайдаланып, бізге лас суды  жібереді. Сосын ол сумен біз егістіктерімізді суарамыз.

Сырдарья: ағынды су ма әлде өзен бе?

— Сол себепті мен бізде өсетін ақ маржан күрішін жемеймін. Химиялық және минералды тыңайтқыштардан ластанған суда өсірілген күріш өзіне ауыр металдарды, пестицидтер мен гербицидтерді сіңіреді.

Сырдария өзені картада

Бұл туралы 2008 жылы ҚР БҒМ География институтының 70 жылдығына арналған халықаралық ғылыми симпозиумда айтқанымда, Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің шенеуніктерімен әңгімеміз жараспай қалды. Содан кейін олар менен “неге көпшілікті дүрліктіресіз” деп сұрады және мені сотқа беремін деп қорқытты, бірақ оған батылдары жетпеді. Алайда дәл осы министрлік азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерімен айналысады. Неліктен біз Сырдария сияқты “ағынды суларды” пайдаланып өсірілген тамақ өнімдерінің химиялық құрамын жарияламаймыз?

Бұл тым болмағанда, халықтың ондай азық-түліктерді тамаққа пайдалану немесе пайдаланбау құқығын өздері таңдауға еркіндік берер еді.

Өз қалаулары бойынша әрекет етеді

— Тағы бір мәселе – климаттың өзгеруі, ол Балқаш пен Ілені қоректендіретін соңғы мұздықтардың жойылуына әкелуі мүмкін. Бұл мәселе қаншалықты өзекті?

– Профессор Виктор Шульцтің жіктеуі бойынша Қытаймен байланысатын біздің барлық өзендеріміздің қоректенуі ортаазиялық қоректену түріне жатады. Яғни жылдық ағынның 80%-ы көктемгі қар еруіне, 10%-ы мұздықтарға және 10%-ы жер асты суларына тиесілі. Демек, қорытынды жасайтын болсақ: мұздықтар жылдық ағынға көп үлес қоспайды. Бұл жерде мәселе 2020-2021 жылдары қар аз жауды, бұл судың аздығына әкелуі мүмкін.

– Балқаштағы апат қаупі қаншалықты шындық?

— Егер Қытай тағы да қайтарымсыз 4 текше метр су алатын болса, онда бізде екінші Арал пайда болады. Уақытын нақты айта алмаймын — Қытай үкіметі өз шешімдерін бізбен талқылап, келіспейді. Біз мұндай ақпаратты әртүрлі жолдармен алуға тырысамыз. Тек постфактум, ғарыш түсірілімдері арқылы біз ол елдің аумағында жаңа шаруашылық қызмет пайда болғанын – не су қоймасы салынғанын, немесе бассейнаралық су бұру жұмыстары жүргізілгенін анықтаймыз.

Олар мұны Қазақстанмен мүлдем келіспейді. Олардың қағидалары: егер су біздің жерімізден ағып жатса, онда бұл “табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға” толық құқығымыз бар дейді.

Ал біздің билігімізде су ресурстарына қатысты мәселелердің өткірлігі туралы түсінік әлі пісіп-жетілген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз