Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Баласын қараусыз қалдыратын ата-аналар жазаланады

Осы ретте Зағипа Балиева іс жүзінде жоқ қамқоршы органды күшейтуді ұсынды. Оның айтуынша, қамқоршы органы деп аталғанымен ол білім беру департаментіндегі бір адам ғана. Оған сол қамқоршы қызметі жүктелген. Сонымен қатар балалар омбудсмені елімізде балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылыққа заңмен тыйым салу қажеттігін баса айтты.

«Балаларымызды қорғайтын бірде-бір заңымызда зорлық-зомбылыққа тыйым жоқ екенін ойланыңыздар. Баланы өлтіргені, соққыға жыққаны үшін ғана қылмыстық жауапкершілікті көздейтін бап қана бар. Біз әзірлеп жатқан заңнамада кемсітушілік дегеніміз не, зорлық-зомбылықты шектеу, ата-ана жауапкершілігін көтеру сынды мәселелер болады», – деді Зағипа Балиева.

Айта кетерлігі, Қазақстанның Бала құқықтары жөніндегі уәкілі елімізде балалар судьясы, прокуроры мен тергеушісі институтын енгізу мәселесі пысықталып жатқанын айтты. Сондай-ақ Зағипа Балиева депутаттардың алдына суицидтен құтқарылған қызды алып келді. Бетперде киген қыз мәжілісмендерге өзінің тағдыры туралы айтып берді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз