Әнші Индира Расылханның шыдамы шегіне жетсе керек. Әлеуметтік желідегі жұрттың көкейіндегі сұраққа жауап берген екен. Әнші ұзақ жыл елден жасырған күйеуін көпшілікке көрсетіпті.
Әнші отағасының суретін Instagram парақшасына салды.
“Менің отбасымның ұйытқысы. Бала- шағамның әкесі. Алдап түсіріп алдым, кешке таяқ жеймін. Суреті шыққанды жақсы көрмейді. Жекеге жазылған xаттарға тоқтау болсын дегенім ғой.
Көбінің сұрағы “Күйеуіңіз бар ма?”, “Бар болса неге суреті жоқ”
деген сұрақтарыңыздың жауабы болсын”, – деп жазды әнші.
https://kaz.365info.kz/ashat-sadyrbaj-algash-ret-byryngy-ajeli-erke-esmahan-turaly-ajtty-300688
Ал желідегі жұрт “Отбасыңыз аман болсын”, “Елдің сөзіне мән бермеңіздер”,
“Түрмеден шыққанба?”, “Ұксайды екенсіздер, балаңыз ба, деп қалдық…”
деген пікір білдірді.
Айта кетсек бұдан бұрын Индира Расылхан ажырасып кетті деген сыбыс шыққан. Желідегі жұрт әншінің неке жүзігін тақпай жүргенін аңдап қойған еді.
Өз кезегінде әнші: “Жұрттың мұндай әңгімені қайдан шығаратыны белгісіз? Өтірік әңгіме. Жолдасым ел көзіне түсе бергенді жақтырмайды. Неке жүзігін кейбір кездеріне тақпауыма басқа себептер бар” еді.
https://www.instagram.com/p/BiMQuU1H6qO/?taken-by=indirarasylkhan