ҚР Ұлттық банкі «Қырқынан шығару» ескерткіш монеталарын айналымға шығарады.
Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі хабарлады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2016 жылғы 25-қарашада «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» монеталар сериясынан номиналы 500 теңгелік, proof сапалы күмістен және номиналы 100 теңгелік нейзильбер қоспасынан «Қырқынан шығару» ескерткіш монеталарын айналымға шығарады.
Бұл рәсімге әйелдер ғана қатысады, балаға қасықпен су құя отырып, олардың әрқайсысы жақсы тілектер айтады. Осы дәстүрді өткізгеннен кейін баланы көпшілікке көрсетуге болады деп саналған.
