Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Балаларын тығып жатыр…”. Танымал заңгер биліктегілердің масқарасын шығарды

156

«Ең қорқыныштысы, бүгін бізге еліміздегі байекеш балаларының бізге ақыл айтып жатқандығында. Олар өмірінде өз еңбегімен бір тиын таппаған сарыауыз балапандар.

Олар тоқшылықта өсіп, жоқшылықты, қиындықты көрмегендер. Олар аш баланың көзіне қарап, ертең оларды немен асыраймен деп, қиналмағандар.

Олар иесіз қалған гараждар да компьютерлер жинақтап, өздері білім алған университетте локалдық жүйелер құрастырып, өз жобаларына жомарт демеушілер іздегендер емес.

Иә, міне,

ең қорқыныштысы осы, бізді енді шенділердің балалары басқарғысы келеді. Басқарып та жатыр, қазір олар әкелерінің орнын басып, бірі министрдің, енді бірі депутаттың креслосына жайғасқан.

Міне, осы ерке балалар ешқашан жоқшылық көрген емес, ашыққанда жоқ, апталап-айлап, жұмыс іздеген емес.

Олардың қамсыз, тоқ болашағын ата-аналары әлдеқашан жасап қойған.

Иә, олардың әкелері қалайда болса, сыйлауға тұратын азаматтар еді – олардың көпшілігі табысқа өз қолымен жеткендер. Әлбетте, «сүттен ақ, судан таза» болмаған шығар, бірақ олар қулықпен, алдаумен болса да билік шыңына шыға білді.

Алайда біз олардың балаларын, ұрпағын не үшін құрметтеуіміз керек?

Жәй, сол шенділердің баласы болған үшін бе?» — дейді дал болған Руслан.

Ең қоқыныштысы

«Сіз білесіз бе, біз үшін ең қорқыныштысы не екенін?

Міне, осындай

байекештердің әлпештеп, алақанына салып өсірген ұл-қыздары біздің ақыл-ойымызды басқарып, біздің өміріміздің қожайындары болып,

өздерін керемет ақылгөй, данагөй ретінде көрсеткісі келетіндігінде

Міне, осындай данагөйлермен бірге жабайы феодалдық заманға құлдырап бара жатқаныңды түсінгенде, қорқыныш үрейге ұласады …», — дейді жазбасын қорытындылаған Түсіпбеков.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз