Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

„Балаларымды тозақтың отымен қорқытқам„. Ақан Сатаевтың әйелі ағынан жарылды

542

Ол өзінің кішкентай  баласын әр қадам сайын тозақ отымен үрейлендіргенін де жасырған жоқ.

“Балама бір нәрселер үйретуден қалдым. Керісінше оған сүре, хадис пен Сира тарихын, намаз үйрете бастадым. Әр қадамында тозақ отымен үрейлендірдім. Кішкентай баланы! Аулада балалармен ойнауды доғардық. Балам өз Жаратушысын қуаныш, махаббат, үмітпен танудың орнына қатты қорқып қалған болды.

Туған-туыстармен араласуды қойдық. Бір кездері мен бөтен еркектерді көрмеу үшін үйге келген қонақтармен амандасуға шықпайтынмын. Шай құйып, дәм бермейтінмін. Көршілеріммен амандаспай, жатын бөлмемде отыратынмын. Оңға қарамайын – харам, солға қарамайын – харам! Бұл дұрыс деп ойлайсыз ба?!”,-дейді режиссердің жары.

https://kaz.365info.kz/zheke-omirin-zhasyrgan-zhyldyzdardyn-khypiyalary-belgili-boldy-266930

Кейіпкеріміз өзінің осындай әрекетіне туған-туыстары мен күйеуінің, ата-енесінің қалай шыдағанына таңғалуда.

“Мұндай бассыздықты әйеліңнен, туған қызыңнан, келініңнен көріп, оған шыдау қандай болды екен?! Аллаға шүкір, менің жақындарым шыдамды әрі мейірімді болды”, – дейді Нәзира.

Нәзираның жазуынша, сол кездерде өзі дін табынушысына айналып, миы жұмыс істеуін тоқтатқан.

“Болған жәйтті мен “ойсыз, көзсіз табынушылық ұстамасы” деп ойлаймын. Миың жұмыс істеуін тоқтатқанда сен өзің түсінбейтін нәрсенің жетегінде кетіп, өзіңе-өзің тиесілі болудан қаласың. Ақиқатында біз тек жаратушыға ғана тиесіліміз және соған қайтамыз! Бірақ, көпшілік бұл өмірді Жаратушы бізге есеп беретін өлім бар екен деп оны жабырқай күту үшін емес,  уақытша қолдануға бергенін ұмытып кетеді”, – дейді Сатаевтың жары.

Нәзира осы күнге дейін бес уақыт намазын оқып, орамал тағады. Ол өткен өмірінде өзіне түсіністік танытқан барша жақындары мен күйеуіне алғыс білдіреді. Еске сала кетейік, Нәзира Бақаева жас күнінде Мейрамбек Беспаевпен бірге “Алғашқы махаббат” фильміне түскен болатын.

https://www.instagram.com/p/BSWIZNTlJVK/?taken-by=nazirabakayeva

Дереккөз: nur.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз