Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Балаларымды қайтем?..”. Өзбек жігіт қазақ жұртынан кешірім сұраса да сотталып кетті

“Астананың Сарыарқа аудандық №2 сотында Р.Гайсинге қатысты сот үкімі шықты. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, оған алкоголизмнен ем алу белгіленді. Ер адам сот залында кінәсін мойындады”, – деп хабарлады соттағылар.

Соттың мәліметінше, ер адам Астанадағы Победа даңғылында орналасқан аялдамада өз қолымен плакат-баннерде арандатушылық мәндегі сөз жазып кеткен.

“Осылайша сотталушы ұлттық араздықты қоздыру мақсатында қасақана әрекет жасады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ”, – деп хабарлады соттың баспасөз қызметіндегілер.

https://kaz.365info.kz/meni-yrdy-goj-ozbek-zhigit-til-tigizgeni-yshin-khazakh-halkhynan-keshirim-syrady-287539

Еске сала кетейік, осыған дейін Астана аялдамасында “қазақтарды итше қыру керек” деген арандатушылық сөз жазған ер адам мәлімдеме жасаған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз