Нұр-Сұлтан
Қазір
19
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Балалары оқитын мектепті ата-аналар өздері таңдай алады

111

Е.astana.kz сайтына электронды өтініш берген кезде, “Бірінші сыныпқа тіркелуге құжаттарды қабылдау” бөлімінде болашақ бірінші сынып оқушысының туу туралы куәлігінің, мектеп басшысының атына жазылған өтініштің және медициналық төлқұжаттың бірінші бетінің сканерленген көшірмесі мен екі 3*4 суретті жүктеу керек.

Көңілі қалаған мектепте орын қалмаса (бір сыныпта 30 балаға дейін), елорда сайтында бірінші сынып оқушыларын қабылдап жатқан басқа мектептер тізімін қарап алуға болады.

Электронды өтініш беруге мүмкіндік болмаса, ата-ана жақын маңдағы мектепке барса болады. Сол жерде баланы 1-сыныпқа беруге көмек көрсетіледі.

Білім және ғылым министрлігі бұйрығына сәйкес, мектепті өз қалауымен таңдау тәртібі бүкіл республика аумағында жүргізіледі.

Астана қаласында 84 мемлекеттік жалпы орта білім беретін мектеп бар. Жыл сайын оқушылар саны 15-18 мыңға көбейіп келеді. Биыл 7 мың орындық 6 мектеп салынып жатыр.

Дерек көз:Sputnik.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз