Қытай елі Димаштың әндерін ойыншық индустриясында да пайдалана бастады.
Тіпті, бір ойыншық Youtube желісінде жарияланды. Онда қоян кейпіндегі ойыншықта Димаштың “Сәлем” әні ойнап тұрады. Ойыншықтың артқы тұсына шағын дыбыс күшейткіш орнатылған.
“Қазақша өлеңді сайрап тұр ғой, мына ойыншық. Енді бұл бүкіл әлемге сатылатын болады. Димаш бауырым тек алға”, – деп жазады желі қолданушылары.